Комикс жазушысы: мемлекет авторлар кітабын шығаруға тиіс емес

Комикс жазушысы Садық Шерімбек жазушылар мемлекетке кітап шығарып берсін деп иек артпауы керек екенін айтады. Бұл әрекет қазіргі нарық заманына сай емес.

Жазушының айтуынша, көптеген автор «біздің кітапты шығармайды, таратпайды» деп мемлекетке ренжиді.

Негізі, қазіргі нарық заманында мемлекет ол нәрселерді жасауға тиіс емес. Иә, мемлекет идеологиясы үшін, мемлекет үшін маңызды кітаптарды шығаруға көмектесуі керек. Бірақ бүкіл жеке автордың кітабын шығармайды. Әдебиет саласы бұлай дамымауы керек. Нарық бар, оқитын халық бар, алатын адам бар. Қазақша кітап алмайды деген күннің өзінде, кейінгі 2-3 жылда 200-300 мың данамен сатылып кеткен кітаптар бар,

деді Садық Шерімбек «Айбоз» ұлттың әдеби сыйлығына арналған брифингіде.

Ол, әсіресе, жас жазушылар жүз мыңдап сатылған кітап шығарушылардың моделін көбірек үйренгені дұрыс екенін айтады.

Әрине, жазушы жазумен айналысуы керек. Дегенмен біздің жағдайымызда, өкінішке қарай, жазушы әрі маркетолог болуы керек әрі сатуды да игеруі керек болып тұр. Сол жолды жүріп өткен мықты жазушылар келешекте Қазақстанда әдеби агенттіктердің негізін қалауы әбден мүмкін деп ойлаймын,

деді комикс жазушысы.

Садық Шерімбек журналистің «сұранысқа сай жазу керек шығар» деген пікіріне де жауап берді.

(Бұл пікірге) келісуге де болады, келіспеуге де болады. Бірақ әдебиет деген жабайы тауар емес. Әдебиет — талғамды қалыптастырушы. Халық сұранысы бар, бірақ одан екі деңгей жоғары жазып, бастама көтеруге болатын сияқты,

деді жазушы.

Айта кетейік, мемлекет қаламгерлер мен баспагерлерді қолдау және ынталандыру үшін «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын тағайындаған еді.

Бұл сыйлықты 7 номинация бойынша алуға болады:

  • «Үздік проза». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (роман, повесть, әңгіме, хикаят, әдеби эссе) қабылданады.
  • «Үздік поэзия». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 100 беттен аспайтын шығармалар (поэма, дастан, жыр, өлең, өлеңдер топтамасы) қабылданады.
  • «Үздік драматургия». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (пьеса) қабылданады.
  • «Үздік әдеби аударма». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын аударма еңбектері қабылданады.
  • «Балаларға арналған үздік шығарма». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (балаларға арналған әдеби еңбектер) қабылданады.
  • «Үздік комикс». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, комикс бағытындағы еңбектер қабылданады.
  • «Үздік кітап дизайны». Кейінгі 3 (үш) жыл көлемінде Қазақстан Республикасының көлемінде таралыммен басылған кітаптар қабылданады. Сыйлық қорытындысын шығарарда кітаптардың дизайнерлік безендіру ұтымдылығына, иллюстрациялық безендірілуіне баса назар аударылады. Сыйлыққа кітаптың 4 данасы тапсырылуы керек.

Әр номинация бойынша берілетін сыйақы мөлшері — 5 миллион теңге.

Ұсынылатын еңбектерді 2022 жылғы 15 маусым-1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электрон поштасына жіберу қажет.

Сыйлық тұжырымдамасы мен ережелерін мына жерден оқуға болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago