Яғни, президенттің бір мәрте 7 жылдық өкілеттік мерзімін белгілеу ұсынысы мақұлданды.
Заң жобасы астана атауын өзгертуге байланысты Негізгі заңның 2-бабына түзетулер енгізуді және Конституцияда президенттікті жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді көздейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы ҚР Конституциясына, соның ішінде Негізгі заңның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес деп танылсын. ҚР Конституциялық кеңесінің қорытындысы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды,
деп жазылған қорытындыда.
1 қыркүйектегі жолдауында Тоқаев осы күзге кезектен тыс президент сайлауын тағайындап, президенттікті жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған еді. Ол мұны «билікті монополизациялау қаупін төмендету» қадамы деп атаған. Бірақ президент бұл ұсынысты парламентке күздегі сайлаудан кейін білдіретінін айтқан. Келесі күні мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы «құқықтық коллизияның алдын алу үшін» күздегі сайлауда президентті бірден жеті жылға сайлауды ұсынды. Сарапшылар Тоқаев осы арқылы өз билігін күшейтіп алуды көздейді дейді.
Бір күн бұрын Тоқаев депутаттар тобының астананың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсынысымен келісті деген хабар тарады.