Categories: Денсаулық

Коронавирус бітті, вакциналар қалды. Бас санитар қалған вакцинамен не істейтіндерін айтты

Қазақстанда Pfizer вакцинасының 300 мыңға жуық дозасы және 200 мыңға жуық Sinopharm қалды. Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 пандемиясы артта қалса, вакциналардың не болатынын айтып берді. 

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, қалған вакциналар бос қалмайды. Өйткені Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация және ревакцинация жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті қаулылары жойылған жоқ және әлі де заңды күшінде.

Вакцинация да, ревакцинация да жалғасуда. Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасының 300 мыңға жуық дозасы бар. Ол жаңартылған омикрон штамдарынан қорғай алады және әсерін күшейтеді. Sinopharm вакцинасының шамамен 200 мың дозасы бар. Әрине, вакцинация қарқыны қазір төмен, бірақ жойылған жоқ. Күніне орта есеппен 500-ден 1000-ға дейін адам вакцинацияланады немесе ревакцинацияланады,

деп түсіндірді Есмағамбетова.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Pfizer вакцинасының 500 мың дозасы наурыз айында елге гуманитарлық көмек ретінде келген. Олардың құны – шамамен 10 миллион доллар. Оның 200 мыңы қолданылды. Денсаулық сақтау министрлігі қалған дозаларды жыл соңына дейін жұмсауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар келесі жылы Қазақстанға вакциналардың жаңа партиялары қажет болуы мүмкін.

Осыдан бір апта бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсыныстары шықты, онда ревакцинация немесе вакцинация әр алты ай сайын жүргізілуі керек делінді. Мысалы, жыл сайын созылмалы аурулары барларға, жиі ауыратын балаларға вакцина жасаймыз. Менің ойымша, бірте-бірте  COVID-19-ға да  ЖРВИ және тұмау сияқты қараймыз, яғни қандай да бір алдын алу шараларын жүргізе отырып, жыл сайынғы тіркеу болады. Енді COVID-19 үнемі тіркелетін аурулар санатына ауысқанын ескере отырып, ДДСҰ ұсынымдарын күтеміз,

деп атап өтті маман.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері қазақстандықтарды бетперде киюге міндеттеген қаулылардың күші жойылғанын растады. Алайда әрі қарай да оларды кию мәдениетін ұстануға шақырды.

Осы үш жыл ішінде бетперде кию мәдениеті дамыды. Бұл мәдениетті ұстану керек. Өйткені COVID-19-дан басқа, ауа-тамшы инфекциялары өте көп,

деп түсіндірді бас санитар дәрігер.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago