Косоводағы жанжал: НАТО күштері араласуға дайын

Косово мен Метохиядағы жағдай мойындалмаған құрылым туралы серб құжаттарына тыйым салу ниеті белгілі болған кезде ушықты.

Косованың солтүстігіндегі тұрақтылыққа қауіп төнсе, Солтүстік атлантикалық альянс жағдайға араласуға дайын, дейді «Известия». Бұл туралы НАТО миссиясының «Силы для Косово» (KFOR) өкілдігі өзінің Twitter-аккаунтында 1 тамызда хабарлады.

Косовоның солтүстік муниципалитетіндегі жалпы қауіпсіздік жағдайы әлі де ушығып тұр. НАТО жетекшілігі бойынша KFOR миссиясы жағдайды мұқият қадағалап отыр. Аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төнер болса, жағдайға араласуға дайын,

делінген постта.

KFOR тараптарға келісімді жаңартуға шақырып жатқаны және оның жалғасуы аймақтағы тыныштық пен қауіпсіздік орнату үшін маңызды екені айтылады.

31 шілдеде аймақтың солтүстігіндегі «Брняк» әкімшілік өту пунктін косоволықтардың жапқаны белгілі болды. Оған қоса, БАҚ Косово-Митровица қалаларының серб және албан халықтары өз қаласы бөлігінде топ-топ болып жиналып жатқанын хабарлады. Бұл ретте Сербияның қорғаныс министрлігі серб тарапының Косоводағы жағдайдың ушығуына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Сербияның Халықтық Скупщина (бір палаталы парламент) Косово және Метохия комитетінің басшысы Милован Дрецун өзін-өзі жариялаған республиканың премьер-министрі Альбина Куртидің ойында не бар екенін болжай алмау аймақта ірі қақтығысқа әкелу мүмкін екенін айтты. Бұрын Вучич Приштиннің 1 тамыздан бастап өз аумағында серб құжатымен жүру жарамды емес деп жариялау жоспары бар екенін ескерткен еді.

Өзін-өзі жариялаған Косово республикасының билігі 1 тамыздан бастап серб құжатымен жүруге және Сербияда берілген автомобиль нөмірімен көлік айдауға тыйым салуын қабылдауға келмейді және Косово мен Метохиядан этникалық сербтерді қууға бағытталған деп есептеледі.

Приштиндегі косово-албан құрылымы 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздік алғанын жариялады. Серб конституциясы бойынша, мойындалмаған мемлекеттің аумағы ел құрамындағы Косово мен Метохияның автономиялық аймағы саналады. Республиканы ондаған ел мойындамайды, олардың ішінде Қазақстан да бар.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago