Categories: Қоғам

Храпуновтың қарғысы: көлік тұрағы үшін тұрғындардың ауласын тартып алмақ

Жаңа әкім Ерболат Досаев Алматыда нүктелі құрылысқа тыйым саламын деген уәдесіне қарамастан, стихиялық құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Пушкин, 60 мекен-жайындағы бес қабатты үйдің тұрғындары даулы жағдайға тап болды. 2022 жылдың шілдесінде олар көрші орналасқан екі қабатты үй күзде сүрілетіні туралы білді. Оның орнына жаңа бес қабатты ғимарат, ал жанына ауланың бүкіл аумағын алатын жерасты паркингі салынады. Паркинг үшін барлық көгалдар мен ағаштарды, соның ішінде әкімдік отырғызған қылқан жапырақты ағаштарды да жойылмақ. Балалар футбол ойнайтын спорт алаңын да бұзады деген сыбыс бар.

Тұрғындардың еркінен тыс

— Біз Достық даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында тұрғын үй салуға қарсы емеспіз. Бірақ біз көп орынды коммерциялық жерасты автопаркін және ауламызға басқа нысандар салуға үзілді-кесілді қарсымыз.

Біздің аула — бұл газға уланған көшелермен қоршалған тұйық, желденбейтін кеңістік, адам аяғы үзілмейді. Бізді тек көпжылдық ағаштар мен көгалдандырылған аула құтқарып тұр. Үлкен жерасты паркингінің құрылысы ауланың одан сайын тұйықтайды, ауа өткізуді бәсеңдетеді, газбен уланады, өйткені сорғыштар арқылы барлық шығарынды газдар аулаға түседі. Көгалдардың жойылуы мен жаппай бетон құрылымдар температуралық және дыбыстық режимнің нашарлауына әкеледі, — дейді Елена Рукосуева, Пушкин 60 үйіне жауапты тұрғын.

Елена Рукосуева: артқы жақтағының бәрі, соның ішінде футбол алаңы да сүрілмекші

Айта кету керек, бұл үйдің тұрғындарының алдында тұрған мәселе 20 жыл бұрын пайда болды.

Сол кезде Алматы әкімі Виктор Храпунов болған, кейін ол жүздеген миллион доллар ұрлап, елден қашып кетті. Қала басшысы болған кезде ол жер телімдерін оңды-солды таратты

Көлік тұрағы салынатын ауланың аумағы кикбоксинг федерациясының төрағасы Жарболов Е.М.-нің меншігіне берілген. Бұл 2003 жылдары болған оқиға екен, ал Пушкиннің 60 үйінің тұрғындары бұл туралы тек 2012 жылы білген. Сол кезде оларға аулада жерасты автопаркингі бар үш қабатты спорттық-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отырғаны хабарланды.

Пушкина, 60 үйі

Бұл ретте 2006 жылғы тұрғындардың жиналысының хаттамасы түрінде тұрғындардың келісіміне сілтеме болған. Бірақ іс жүзінде ешқандай жиналыс болған емес. Рукосуеваның айтуынша, бұрынғы «ЖАС» ПИК төрағасы тарапынан алаяқтық жасалған. Содан кейін тұрғындарға ауланың аумағына жер асты паркингі бар көп қабатты бизнес-орталық салынатыны хабарланды. Алайда, кейінірек құрылыс тоқтатылды және он жыл ішінде Пушкин 60 үй тұрғындарының сауалына қала әкімдігі бұл аймаққа құрылыс салу жоспарланбаған деп айтып келді. Алайда жақында бәрі өзгерді…

Мемлекеттік органдар уақыт созып жатыр

Жағымсыз жаңалықты білген тұрғындар жедел түрде әкімдікке, Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына өтініш жіберіп, прокуратураға арыз жазған. Сөйтіп, қала құрылысын бақылау басқармасынан нақты жауап алды.

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің 65-бабының 1-тармағына сілтеме жасай отырып, олар қайда екенін нақты түсіндірмей, «тиесілігі бойынша қарау үшін» хат жіберетіндерін жазған. Прокуратура оларға сотқа жүгінуге кеңес берді. Әкімдік әлі жауап берген жоқ.

Екі қабатты үйді де сүрмек ниетте

Осы үйдің тағы бір тұрғыны Ольга Ипакевичтің айтуынша,

мемлекеттік органдар жауаптан жалтару үшін әдейі бәрін шатастырып жүр

— Бірақ біз жеке тұлға ретінде сотқа жүгіне алмайтынымызды, ПИК төрағасы өтініш білдіруі керек екенін айтты. ПИК-тің өзі бұл құрылысқа қызығушылық танытуы мүмкін. Біз күресеміз, әкіммен жеке кездесіп, Тоқаевқа хат жазамыз. Біз ауламыздың бетон далаға айналғанын қаламаймыз. Олар үш жыл бұрын әкімдіктің өзі отырғызған шыршаларды да жоймақшы, — деп шағымданады Ипакевич.

Ольга Ипакевич не сүрілмекші екенін көрсетіп жатыр

Сот шешеді

Жағдайға көзқарасын заңгер Сергей Уткин білдірді.

— Көп пәтерлі тұрғын үй салу үшін учаске берілген кезде белгілі бір құрылыс нормалары мен ережелері бар. Ол жерге көп пәтерлі тұрғын үйді орналастырып қана қоймай, оны күтіп ұстау үшін үйдің алдында, үйдің артында және бүйіріне орын қалдыру керек. Сондықтан тұрғындар осы үйдің құрылысы кезінде рәсімделген құжаттарды ХҚКО-дан табуы керек, онда үй аумағының ауданы көрсетілген.

Егер олар аула учаскесі бастапқыда өз үйлеріне қызмет көрсету үшін бөлінген деп тапса, осы негізде олар Храпуновтың қалалық учаскені жеке меншікке беру актісін жарамсыз деп тануы мүмкін

Шынында да, жер қымбаттағанда әкімдіктер оны теріс пайдаланып, көптеген үйлердің тұрғындарын адастырды.

Сергей Уткин

Дәл осы себеппен қазір нүктелі құрылыстар өркендеп келеді: бұл шенеуніктерге ақша беріп отыратын жекелеген коммерсанттарға тиімді, — дейді ол.

Уткиннің айтуынша, тұрғындар сотқа жеке тұлғадан да арыз бере алады.

Менің ойымша, олар мұны тек ПИК немесе МИБ атынан жасай алады деп әдейі шатастырып отыр. Бұл құрылымдар ортақ меншікті басқару үшін құрылған және олардың атынан тұрғындардың талабын беруге болады. Бірақ әр тұрғын да субъект

Егер оның құқықтары бұзылса, ол өзінің немесе бірнеше тұрғындардың атынан сот ісін қозғай алады. Сондай-ақ, тұрғындар санитарлық нормалардың бұзылғанын негізге алу керек. Ол үшін сәулет саласынан жобалаушыны жалдаған жөн. Схемада Пушкин 60 үйі көрсетілмегенін ескерсек, бұзушылықтар бар. Егер сотта тұрғындардың құқықтары шынымен бұзылғандығы дәлелденсе, жоба заңсыз деп танылуы мүмкін, — деп қорытындылады заңгер.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago