Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Костенко шахтасындағы апат: 46 кенші қаза тапты
Оқиға

Костенко шахтасындағы апат: 46 кенші қаза тапты

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 30.10.2023
Обновлено 30.10.2023 в 11:10
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

46 адамның өмірін қиған «Костенко» шахтасындағы апат тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өндірісте болған ең ірі апат деп бағалануда. Бүгін, 30 қазанда құтқарушылар жер астында қалып қойған соңғы кеншінің денесін тапты. Бұған дейін ең үлкен апат 2006 жылы «Ленин» шахтасында болған. Ол кезде апаттан 41 адам көз жұмған. 

28 қазанда түнгі екілер шамасында Костенко атындағы шахтаның тау-кен шебері лавадағы өрт туралы хабарлаған. Алдымен өрт шығып, артынша жойқын жарылыс орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан шыққан өрт себеп болған. 

Осы кезде шахтада 252 адам болған, 206 қызметкер өз бетінше жер бетіне көтерілген. 18 адам медициналық көмекке жүгінген. Бастапқыда 4 адамның денесі табылды, кейінірек тағы үшеуін жер үстіне шығарған.

Сол күні, сағат 14:00-де 22 кеншінің денесі табылды. Шамамен 700 метр тереңдікте іздеу жұмыстары жүргізілді. Апаттық құтқару жұмыстарына 55 адамнан тұратын кәсіби әскери-құтқару қызметінің 10 бөлімшесі, 12 техникасы жұмылдырылды.

«АрселорМиттал Теміртау»  кәсіпорындарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды.

Кешке қарай, сағат 16:00-де қаза тапқандар саны 32 адамға дейін өсті.

29 қазан күні таңертеңгі ақпарат бойынша құтқарушылар 36 кеншінің денесін тапты. Қалған  11 адамды іздеу жұмыстары жалғасты.

Түсте қайтыс болған кеншілер саны 38 адамға жетті. 9 кеншінің денесі табылмаған еді.

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша қаза тапқан 42 адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасты.

Бүгін, 30 қазанда Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан соңғы кеншінің денесі табылып, іздеу жұмыстары аяқталды.

Жарылыстан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына барып, кеншілердің туыстарымен кездесіп, жедел штаб отырысын өткізді. Отырыс барысында қаза тапқан кеншілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілетіні жөнінде, апатқа кінәлілерді жазаға тарту және «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстан үкіметінің иелігіне қайтару жөнінде айтылды. 

Мен мемлекет басшысы ретінде баршаңызға көңіл айтамын. Бұл – қасірет. Бәрін түсінемін. Апат болды. Апаттың кесірінен көптеген адам қаза тапты. Сондықтан бұл жерге арнайы келдім. Тиісті шаралар қабылдаймыз, соның ішінде зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеміз. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары ешқандай мұқтаждық көрмеуі үшін Үкімет, әкімдік және қайырымдылық ұйымдарының алдында жан-жақты көмек көрсету міндеті тұр,

деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Еліміздің барлық аумағында мемлекеттік тулар төмен түсірілді, теле-және радио компаниялары хабар тарату торын ауыстырып, ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатты.

АрселорМиттал Теміртау — біздің тарихымыздағы ең нашар компания

Аталмыш компания жұмыс істеген жылдары кәсіпорында қаза тапқан қызметкерлер саны 160 адамнан асты.

Компания тарихында алғашқы апат 1995 жылы «Ленин» шахтасында болды. Жарылысқа көмір мен газдың кенеттен бөлініп, содан кейін метан мен ауа қоспасының жарылуы себеп болған. Салдарынан 13 кенші қаза тапты. Тура үш жылдан соң дәл осы шахтада техникалық ақаудың салдарынан газ жарылып, тағы үш адам қаза көз жұмды.

2004 жылдың желтоқсанында «Шахтинск» шахтасында газ жарылды. Жарылыс кезінде ол жерде 89 адам болған, жарылыстың эпицентріне жақын жерде жұмыс істеген 23 кенші  бірден қайтыс болды.

2006 жылы қыркүйекте «Ленин» шахтасында қауіпсіздік жүйесі бұзылған желдету құбырларын ауыстыру кезінде жарылыс болып, оның толқыны 4,5 шақырымды қамтыды. Салдарынан 41 адам қайтыс болған еді. Осы қайғылы оқиғадан кейін елде аза тұту күні жарияланды.

2008 жылы қаңтарда «Абай» шахтасында жарылыс болып, 30 адам қаза тапты. Технология бұзылып, салдарынан ұшқын туындаған. Апат себебін компания осылай түсіндірді. Сондай-ақ осы жылы «Тентек» шахтасында кенеттен газ бөлінуі салдарынан жарылыс болып, 5 адам жан тапсырған.

2021 жылдың қарашасында «Абай» шахтасында кенеттен метан мен көмірдің шығарылуы салдарынан тағы апат болды. Апат кезінде шахтада 64 адам болған, олардың 8-і апаттық кенжарда жұмыс істеген. Жарылыс кезінде 6 кенші өзін-өзі құтқару құралдарын пайдаланып үлгермей, оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі кенші газбен уланып, реанимацияға жатқызылды.

2022 жылдың ақпанында АМТ кәсіпорнының «Шахтинская» шахтасында тау-кен жұмыстарын орындау кезінде көмір сырғыды. Ешкім зардап шеккен жоқ – апат алаңында болған төрт кенші уақытында қашып үлгерді.

2022 жылдың маусым айында АМТ компаниясының бірнеше нысанында бір аптада бес адам қаза тапты. Алдымен отқа төзімді қалауды бөлшектеу кезінде төрт адам қаза тапты – бұл Теміртауда металлургия комбинатында болды.

Ал, 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин» шахтасында ірі апат болды. Шахтадағы метан шығарылуы салдарынан жарылыс болды. Ол кезде шахтада болған 106 адамның 5-і қайтыс болып, тағы 9-ы зардап шекті. Олардың ең кішісі Марғұлан Ынтымақов 26 жаста еді, кәсіпорында екі ай ғана жұмыс істеген.

Сондай-ақ 2022 жылдың 8 желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртауда» апат болып, 1 адам көз жұмды.

2023 жылы 5 қаңтарда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорны аумағында тағы бір жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға №2 қаңылтыр тарту цехының химиялық блогындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Ер адамды тоқ соғып, есін жимастан көз жұмды.

17 тамызда компанияға қарасты «Қазақстан» шахтасындағы конвейерлік таспа тұтанып, өрт шықты. Апатты жою жоспары іске қосылып, жұмысшылары жер үстіне шығарыла бастаған. Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. Бұл апаттан 5 кенші опат болды. Бұл оқиғадан кейін, биыл 20 тамыз қаралы күн деп жарияланды.

Міне, жыл соңына жетпей жатып, тағы бір ірі апат орын алды.

Апаттан кейін бас прокуратура «Тау немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» (277-баптың 3-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады. 

Апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, оны премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады.

Қаза болған кеншілердің денесін тану мүмкін емес. Жарылыс салдарынан олардың денесі бөлшектеніп кеткен. Марқұмдардың денесін тану үшін олардың туыстарынан қан сынамасы алынып, ДНҚ-сараптамасы тағайындалатын болады. Костенко шахтасында әлі марқұмдардың туыстары тараған жоқ. Әзірге қанша марқұмның денесі туыстарына берілгені туралы ақпарат айтылмады.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Сая Манарбековна 30.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?