Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Козачковтың хаты: Түрменің тілі — қазақ тілі екен
Қоғам

Козачковтың хаты: Түрменің тілі — қазақ тілі екен

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 25.01.2023
Обновлено 25.01.2023 в 12:01
Поделиться
Фото: Azattyq Rýhy
Поделиться

Болат Назарбаевтың «оң қолы» болған Елдос Қоспаевқа рейдерлікпен айналысуға көмектесті деп күдікке ілінген танымал журналист Михаил Козачков абақтыдан хат жолдады деп хабарлайды Dalainside.

Козачков өзіне тағылған «айыптау материалдарымен» әлі күнге дейін толық таныспағанын айтады. Тергеу жұмыстарына әлі толық нүкте қойылмаған. Қылмыстық іске том-том құжат тігіліп жатыр. Журналист кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Себебі, бұның бәрі сандырақ, маған тағылған айыптың барлығы ойдан құралған,

дейді әріптесіміз.

Түрмеден жолданған хатта Козачков Өскемендегі № 17 түзеу колониясында отырғанын, мұндағы изолятор елдегі ең үлкен түзеу мекемесі екенін, әзір мұнда 1500 сотталушы жазасын өтеп жатқанын баян еткен.

Мұндағы қауым түгелдей кітап оқиды. Уақыт өткізудің ең ұтымды амалы кітап кеміру. Жанымдағы жігіттермен тіл табысып алдық. Кітаптан бөлек аракідік шахмат ойнаймыз. Туыс-туған жеткізетін ас-суды тең бөлісеміз.

Әйткенмен де түрменің аты түрме. Тазалық сақтауға тырысқаныңмен, еркіндіктегі өмір салтыңды сақтай алмайсың. Аптасына бір мәрте жуынып-шайынамыз. Шашымды тақырлап тастадым. Осындағы қауыммен біте қайнасып кеткен жайымыз бар…

дейді Козачков.

Журналистің айтуынша, түрменің тілі — қазақ тілі. Содан болса керек әуелгіде әріптесімізге мұндағы жұртпен тілдесу қиынға соққан. Козачков мемлекеттік тілді меңгеруге күш саламын дейді.

Айтпақшы, еркіндікте жүргенде журналистің нысанасына іліккен экс-шенді-шекпенділердің біразы осы изоляторда жатқан көрінеді.

Бұл арада «ескі таныстарды» да кездестіріп жатырмыз. Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевпен ұшырасып қалдық. «Қорғас ісінің» басты куәгері Талғат Махатов пен Қаңтар оқиғасын ушықтырды деп күдіктелген, Садақ ату федерациясының төрағасы Азамат Оспанов та осында екен.

Менің осында екенімді біліп, дұғай-дұғай сәлем жолдапты. Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне кінәлі Мұратхан Тоқмади мені көре сала аузынан ақ көбігі ақтарылды. Мені танып жатқандардың қатары көбейіп келеді. Бұл жайт менің заңгерлерімді алаңдатып отыр,

дейді түрмеде өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін меңзеген журналист.

Әріптесіміз сөзінің соңын өзіне демеу көрсетіп, қолдау білдіріп жатқан желідегі жұртқа алғыс айтумен аяқтапты.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 25.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?