Экономика

Кредит күліп келіп, жылап қайтады

Халықтың 85 пайызы бір рет болса да онлайн шағын несие алған.

Негізі бұл күлетін жағдай емес. Демек, халық қарызға өмір сүреді. Осы күні онлайн кредит алу оңай, ал қайтару қиын. Сондықтан билік «қаржы ұйымдары экономиканы емес, тұтынушыларды несиелеуге мойын бұрып кетті» деп айыптауда.

«Қазақстан ФинТех қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қазақстандықтар арасында онлайн микрокредиттердің маңызы туралы сауалнама (онлайн) жүргізді, деп хабарлайды TengeLife.

Сауалнамаға 472 респондент қатысты. Нәтижесінде  қазақстандықтардың басым көпшілігі кем дегенде бір рет онлайн шағын несие алғаны (85%) белгілі болды.

Отандастарымыздың үштен бір бөлігінің түгелге жуығы онлайн шағын несиеге (31%) жүгінеді.

Жауап бергендердің 39%-ы жеке тұрмыстық қажеттілігін онлайн шағын несие арқылы шешетінін жазған: яғни, алған қарызды тауар сатып алуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге, жедел медициналық қызмет көрсетуге, жалға алу немесе үй жөндеуге жұмсайды.

Сонымен қатар, қазақстандық ФинТех қауымдастығының мәліметтері бойынша, онлайн-микронесие тұтынушыларының 50%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыған Қазақстан азаматтары.

Ел экономикасының түрлі салаларында 9,1 млн адам жұмыспен қамтылған.  Оның ішінде 6,9 млн адам жалдамалы жұмысқа тартылғандар (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76%-ы).  2,2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (жалпы санының 24%-ы).

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago