Кредиттік тарих қаншалықты жиі жаңартылады

Оны кім және қаншалықты жиі жаңартады?

2022 жылғы 1 қазаннан бастап заңнамаға түзетулер күшіне енді, оған сәйкес қарыз алушылар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беру және жаңарту мерзімдері өзгерді. Бұл туралы Fingramota.kz толығырақ айтып берді.

Бұл өзгерістер 2022 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының күшіне енуінің нәтижесі болды. 

2022 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік серіктестіктерді және коллекторлық агенттіктерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік бюроларға берілген жаңа қарыздар туралы мәліметтерді бір жұмыс күні ішінде, ал кредиттік тарих субъектілері туралы кез келген ақпаратты кейіннен жаңартуларды 10 жұмыс күні ішінде беруге міндетті. Бұрын олар ақпаратты айына екі рет – 15 жұмыс күні ішінде жаңартып отыратын.

Сіз өзіңіздің жеке кредиттік есебіңізді:

  • МКБ-дан – id.mkb.kz сайты арқылы;
  • БКБ-дан – www.1cb.kz порталы және мобильдік қосымша арқылы;
  • www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы;
  • тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) ала аласыз.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago