Оны кім және қаншалықты жиі жаңартады?
2022 жылғы 1 қазаннан бастап заңнамаға түзетулер күшіне енді, оған сәйкес қарыз алушылар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беру және жаңарту мерзімдері өзгерді. Бұл туралы Fingramota.kz толығырақ айтып берді.
Бұл өзгерістер 2022 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының күшіне енуінің нәтижесі болды.
2022 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік серіктестіктерді және коллекторлық агенттіктерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік бюроларға берілген жаңа қарыздар туралы мәліметтерді бір жұмыс күні ішінде, ал кредиттік тарих субъектілері туралы кез келген ақпаратты кейіннен жаңартуларды 10 жұмыс күні ішінде беруге міндетті. Бұрын олар ақпаратты айына екі рет – 15 жұмыс күні ішінде жаңартып отыратын.
Сіз өзіңіздің жеке кредиттік есебіңізді:
- МКБ-дан – id.mkb.kz сайты арқылы;
- БКБ-дан – www.1cb.kz порталы және мобильдік қосымша арқылы;
- www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы;
- тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) ала аласыз.