Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду күтпеген мәлімдеме жасады. Ол келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді.
Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті.
Еске салайық, Қатарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсетті. Алайда ол Португалия құрамасының нашар нәтижесімен келіспейді, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғаны футболшы үшін қиын болған сияқты. Сол үшін ендігі мақсаты — алдағы чемпионатқа қатысу.
Роналду рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалмақшы екен.