Санк-Петербург мемлекеттік университеті студенттері КТК лигасында ән айтып, билікті сынады.
Журналистика факультетінің 3-курс студенттері КТК лигасында ән шырқап, билік журналистиканы қалай өлтіргенін баяндады. Студенттер «иноагент» деп айып тағылғандарды тізіп шықты.
Оған қоса, Ресейдегі «Дождь» телеарнасының, BBC жабылғанын айтып, «олар әйтеуір бір зиянын тигізген екен» деп мысқылдайды. Студенттер «ендігі ары қарай оқымай-ақ, оқуды бітіре сала түрмеге тоғытыла бермедік пе» деп қалжыңдайды.
Ән айтып тұрған қатысушыны күзетшінің алып кеткені — сценалық көрініс.
Айта кетейік, Алла Пугачёва Ресей билігінен өзін «шетел агенті» тізіміне қосуды сұраған еді.