КСРО-ны аңсайтын ресейліктер саны рекордтық көрсеткішке жетті

КСРО-ның қайта орнауына аңсары ауған ресейліктердің үлесі соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Сталинизм мен байырғы империялық қуатты идеал етіп көрсететін мемлекеттік насихаттың шылауына шырмалған Ресей қоғамы Кеңес Одағын жүректері сыздай отырып аңсауды жалғастырып келеді. Ресейде КСРО-ның тарап кеткеніне өкініш білдіретін азаматтардың үлесі 2022 жылғы желтоқсанда 63 пайызға дейін жетті,

делінген хабарламада.

«Общественное мнение» қоры жүргізген сауалнама осындай нәтиже беріпті. Бұл – соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

2011 жылдан бері Одақтың ыдырағанына өкініш білдіретіндер саны осылайша 12 пайызға өсіп кеткен. Ал 2001 жылы КСРО-ны аңсаған адамдар 76 пайыз болса, содан 2 жыл бұрын, яғни 1999 жылы бұл деңгей 85 пайызға барып тірелген.

Сол сияқты, Одақтың тарағанына өкінбейтіндер де едәуір. Олардың қатары соңғы 16 жылда соншалықты көп ауытқып, өзгере қоймаған. Айталық, бұл жөніндегі көрсеткіш 2014 жылы 25 пайыз болса, 2006 жылы 26 пайыз болған еді. Ал былтырдан бері 22 пайыз деңгейде тұр.

Өткен өмірді аңсаушылық білдіргендердің көпшілігі оны КСРО-дағы тұрмыс жағдайымен емес, сол кез туралы жадтарында қалған жақсы естеліктермен байланыстырады. Олардың 16 пайызы «Кеңес кезеңі өздерінің жастық дәурені» екенін алға тартса, 11 пайызы «алаңсыз да тұрақты өмір» болғанын көбірек қаузайды, 7 пайызы мұны «жұмысқа» қатыстырса, 6 пайызы «халықтар бірлігі мен достығы» үшін құрметтейтінін айтқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

23 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

23 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

23 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago