Categories: Қоғам

«Лақтырып кетті»: Депутаттықка кандидат 55-ке жуық еріктінің жалақысын бермей қойған

Мәжіліс депутаттығына кандидат Тұрсынбек Өмірзақов бір ай бойы үгіт-насихат жұмысын жүргізген еріктілерге уәде еткен жалақыларын бермей, алдап кеткен. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері ZTB.KZ редакциясына хабарласып, көмек сұрады.

Олардың айтуынша, сайлауға бір ай қалғанда 55 студент кандидат Тұрсынбек Өмірзақовтың штабымен келісім шартқа отырған. Олар Өмірзақовты насихаттаумен айналысуы керек еді.

19 ақпаннан 17 наурызға дейін жұмыс істедік. Басында бізге әрқайсымыздың жалақымыз 150 000 теңгені құрайтынын айтты. Біз келісіп, жұмыс істедік. Аязды күндері үгіт-насихат парақтары мен плакаттарды жапсырдық. Әрқайсымызға белгілі бір аумақтарды бөліп берді. Жүріп-тұру шығынын өзіміз көтердік,

дейді студенттердің бірі.

Үгіт-насихат науқаны аяқталғанда студенттерге келісім-шарттың өзгергені туралы хабарланды.

Енді олар «әр үгіт-насихат парағына немесе плакатқа 50 теңгеден төлейміз» дегенді алға тартып отыр. Яғни бұл дегеніміз еріктілер небәрі 30-35 мың теңге алады деген сөз. Қайта бізге мүлде басқа сома уәде етілген болатын,

деп шағымданады студент.

Жігіт бұл жұмысқа университеттің қатысы жоқ екенін айтады.

Біз бұл жұмысты таныстарымыз арқылы өзіміз таптық. Қосымша табыс тапқымыз келді. Түбінде осындай мәселеге тап болатынымызды білсек, ешқайсымыз мұндай жұмыс істемес едік. Біз тек алғашқы келісім шарттың талаптары орындалғанын қалаймыз. Бізге жалақы керек. Бұдан артық ештеңе қажет емес,

деп көмек сұрады студенттер.

Айта кетейік, 19 наурыз күні Қазақстанда Парламент Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша 6 партия мәжіліске өтті. Қазақстандықтардың 54,83 пайызы дауыс беруге келген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago