Танымал қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь жол апатына түсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Бағжан Октябрьдің өзі Instagram-парақшасында айтты.
«Ойламаған жерден көлік апатына түстім. Дәл сол уақытта өлдім деп ойлаған шығармын. Бір талып тұрдым. Есігімді басқа кісілер ашып жатты. Есік қысылып ашылмай қалды», — дейді виолончелист.
Оның сөзінше, жол апатынан кейін бір жақ бетін сезбей, құлағы естімей қалған.
«Ояна салып бірінші ойлағаным — қолдарым. Қолым аман болса екен деп тіледім», — дейді Бағжан Октябрь.
Виолончелистің сөзінше, ол көлігіндегі қорғау жастығының арқасында аман қалған.
Бағжан Октябрь қазір жағдайы жақсы екенін, бірақ жол апатына өзі кінәлі екенін айтады.
«Былай қарасаң қатты соққы емес. Бірақ екінші көлік мені соққанда тежегішті баспаған. Мен 2-3 метрге ары жылжып кеттім. Бірақ соғылған кезді ұмытпаймын, әр секунды есімде», — дейді виолончелист.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…