20 қарашада Қатардың әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында Футболдан XXII әлем чемпионаты басталды.
Турнирдің ашылу матчында Қатар мен Эквадор құрамалары өнер көрсетті. Эквадор алаң иелері Катарды 2:0 есебімен жеңді. Әлем чемпионатының алғашқы голын эквадорлық форвард Энвер Валенсия соқты. Бірінші таймда ол Қатар командасының қақпасына үш рет гол соқты, бірақ біріншісі есептелмеді. Одан кейін Валенсия пенальтиден гол соқты, көп ұзамай екінші допты басымен соғып, қақпаға кіргізді.
1930 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлем чемпионатының ешқайсысында пенальтиден алғашқы гол соғылған ойын болған емес. Барлық алғашқы доп тек ойын барысында соғылған.
Әлем чемпионаты араб елінде және Таяу Шығыста алғаш рет өтіп жатыр. Қатардағы күн ыстық болғандықтан жарыс бірінше рет күз-қыс мезгілінде ұйымдастырылды.
Бұл жарыс Украинадағы соғыс тұсында басталды. Турнирге Ресей мен Украина қатыспайды, FIFA Кремль Украинаға басып кірген соң Ресей құрамасын бүкіл жарыстардан шектеген. Ал Украина құрамасы іріктеуден өте алмады.