Фото: ашық дереккөзден
Әлемде электрмобиль нарығының өрісі кеңейді. Алайда даму болғанымен проблемалары да жоқ емес. Мәселен, машинаны қуаттайтын станция тым аз. Көлік сынса жөндейтін маман тапшы. Соған қарамастан кейбір елдер электрмобиль өндірісіне мемлекеттік қолдау жасап отыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Мәселен, Индонезия үкіметі жүргізушілерді тоқпен жүретін көлікке ынталандырудың оңтайлы жолын тауыпты. Үндістанның көлік нарығы әлемде ең ірі бестікке кіреді. Соңғы жылдары елде электркарлар сатылымы артқан. Биыл жылдың алғашқы жартысында 48 мың электрмобиль өз иесін тапты. Әсіресе, мотоцикл, скутер және рикшаға сұраныс көп. Тұтынушылар электр автомобильдер шығыны аз, әрі түрлі жеңілдіктер барын алға тартады.
Үнді елінде электрмобиль нарығының жылдам дами бастауына үкіметтің қолдауы да себеп. Жергілікті билік осы мақсатта арнайы бағдарлама қабылдаған. Оған жыл сайын 1,3 миллиард доллар бөлініп тұрады. Мысалы соңғы жылдары электрмобиль қуаттайтын станциялар саны 10 есе өскен.
Елде электрмобиль саласының нығаюына үкіметтің ұстанған саясатынан бөлек тағы екі себебі бар. Оның бірі – өндірістік сектордың жетекші электркарлар жасап шығаруға көңіл бөлуі. Бұл электрмобильдің тартымдылығын арттыруға көмектесуде. Екіншіден – жанармай бағасының өсуі. Адамдар шикізаттың қымбаттауынан үнемдеуге көшкен.
Индонезияда да соңғы уақытта электркарлар сатылымы біршама өскен. Оған үкіметтің салықтық жеңілдігі әсер еткен. Бірақ азаматтардың көбі электрмобиль сатып алуға асықпайды. Бұған мұндай көліктердің қымбат болуы мен оларды қуаттайтын станцияның аздығы әсер етіп отыр.
Электрмобильдің бағасы қымбат. Оған сұранысты арттыру үшін құнын төмендету қажет. Кем дегенде 60 пайызға арзандату керек. Көлікті қуаттайтын станциялар тым аз. Сарапшылар әлемнің өзге елдерінде де тұтынушалар дәл осындай мәселелерге тап болып отырғанын айтады. Бұдан бөлек адамдарды батареяның жүру қашықтығының аздығы мен қуаттауға кететін уақыттың көптігі де мазалайды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…