Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Әлемде соңғы 50 жылда болған жойқын жер сілкіністері
Оқиға

Әлемде соңғы 50 жылда болған жойқын жер сілкіністері

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 10.02.2023
Обновлено 10.02.2023 в 02:02
Поделиться
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев
Поделиться

6 ақпанда Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. Екі елде зілзаладан құрбан болғандардың саны 20 мыңнан асып кетті. Дегенмен қаза болғандар саны күн санап артып келеді. Себебі қираған ғимараттардың, үйінділердің астынан тұрғындарды құтқару әлі жалғасып жатыр. Өткенге көз жүгіртсек, тарихта тұтас бір қаланың күлін көкке ұшырған зілзалалар да тіркелген. Azattyq Ruhy агенттігі соңғы 50 жылда болған жойқын жер сілкіністеріне шолу жасаған екен.

Чилидегі жер сілкінісі

ХХ ғасырдағы ең ауыр жер сілкінісі 1960 жылы 21 мамыр күні Чилиде болды. Оның магнитудасы Канамори шкаласы бойынша 9,5 баллға жетті. Табиғи апат Консепсион, Вальдивия, Пуэрто-Монт, Осорно және өзге де ірі қалаларды қиратты.

Кем дегенде 10 мың адам қаза тапты. Жер сілкінісі нәтижесінде 14 жанартау оянды. Келтірілген залалдың мөлшері 400 миллион долларға бағаланды. Себебі елдің өндірістік кешенінің 20%-ы жойылды.

Армениядағы зілзала

1988 жылдың 7 желтоқсанында Арменияда жойқын зілзала болды. Небәрі 30 секундтың ішінде жерасты дүмпулерінің салдарынан Спитак қаласы жермен жексен болып, Гюмри, Ванадзор және Степанаван қалаларына үлкен зақым келді.

Жер сілкінісінің эпицентрі – Спитак қаласында, жер сілкінісінің қуаты 12 балдық шкала бойынша 10 баллға жеткен. Гюмриде -9балл, -8 балл болған.

Зілзала Арменияның солтүстігіне соққы беріп, оның аумағының шамамен 40%-ына әсер етті, ал жер асты дүмпулері тіпті Армения астанасы Ереван мен Грузия астанасы Тбилисиде де сезілген.

Табиғи апат салдарынан 25 мың адам қаза тауып, 140 мың адам мүгедек болып қалса, 514 мың адам баспанасынан айырылды.

Жер сілкінісі республиканың өнеркәсіптік әлеуетінің шамамен 40%-ын істен шығарды. 210 мың оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп, 42 мың орындық балабақша, 416 денсаулық сақтау нысаны, екі театр, 14 мұражай, 391 кітапхана, 42 кинотеатр, 349 клуб пен мәдениет үйі қирады немесе апатты жағдайға жетті. 600 шақырым автожол, 10 шақырым теміржол істен шықты. 230 өнеркәсіптік кәсіпорын толығымен немесе ішінара қирады. Республика аумағының үштен бірінде барлық дерлік өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым жұмыс істемей қалды. Тікелей материалдық шығын 10 миллиард рубльге бағаланады (1988 жылға), ал қалпына келтіру шығындарын ескере отырып, бұл сома екі еселенді.

Армения трагедиясы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Зардап шеккен республикаға Франция, Швейцария, Ұлыбритания, ГФР, АҚШ және басқа елдерден дәрігерлер мен құтқарушылар келді. Ереван мен Гюмри әуежайларына әлемнің әртүрлі елінен дәрі-дәрмектер, донорлық қан, құрылыс техникасы, жабдықтары бар ұшақтар қонды. Арменияға барлық континенттен 111 мемлекет гуманитарлық көмек көрсетті.

Таншань мен үнді мұхитындағы табиғи апат

Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Таншань қаласы 1976 жылы 28 шілдеде жермен-жексен болды. Жер сілкінісінің амплитудасы 8,2 баллды құрады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 240 мыңнан асты, бірақ 800 мың құрбан туралы расталмаған ақпарат бар. Жер сілкінісі 5,3 миллионға жуық үйді қиратты.

2004 жылы Үнді мұхитындағы жер сілкінісінің магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 9,3 балл болды. Дүмпулер цунамиді қоздырды. Күшті толқын 17 елге әсер етіп, Австралия мен Африкаға жетті.

Әр түрлі есептеулер бойынша бұл апатта 230-дан 300 мыңға дейін адам қаза тапты.

Гаитидегі шығын

2010 жылдың 12 қаңтары Гаити үшін қаралы күн болды. Онда 200 мыңға жуық адамның өмірін қиған ауқымды жер сілкінісі тіркелді. Порт-о-Пренс астанасында табиғи апат мыңдаған тұрғын үйді және барлық дерлік аурухананы қиратты.

Апат ұлттық сарайды, шіркеу мен министрлік ғимараттарын қиратты. Сонымен қатар жер сілкінісінен кейін гуманитарлық апат болды, өйткені қаза тапқандар көп еді. Осыған байланысты ауыз судың жетіспеушігі болды. Себебі жолдарды үйінділер мен қираған ғимараттар басып қалды.

Жер сілкінісі салдарынан мыңдаған тұрғын үй, аурухана, әкімшілік ғимарат қирап, 3 миллионға жуық адам баспанасыз қалды.

Әлемнің барлық елі Гаитиге көмек көрсетті.

Жапониядағы жағдай

2011 жылдың наурызында Жапонияда күшті жер сілкінісі болды. 20 жерасты дүмпуі тіркелді, олардың ішіндегі ең мықтысы Рихтер шкаласы бойынша 8,9 баллға дейін жетті.

Токиода ғимараттар дірілдеп, биіктігі 10 метрлік цунами Хонсю аралына жетті. Биіктігі алты метр болатын тағы бір цунами Хоккайдо аралын соқты.

Дүмпулер шамамен 15,9 мың адамның өмірін қиды, тағы 2,5 мың адам хабар-ошарсыз кетті деген тіркеуде қалды.

Қытайдағы қырғын

2008 жылы Қытайды ең үлкен жер сілкіністерінің бірі дүр сілкіндірді. Сычуань провинциясында мектептер, ауруханалар мен фабрикалар құлады. Бұл зілзала дүмпулерінен 87 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Бейжің мен Бангкок тұрғындары Рихтер шкаласы бойынша 7,8 баллдық соққыларды сезінді.

Жер сілкінісінің эпицентрі провинцияның әкімшілік орталығы – Чэнду қаласынан 90 шақырым жерде болды. Жер асты дүмпулері Бейжіңде, эпицентрден 1500 км қашықтықта, сондай-ақ көрші елдерде сезілді. Шанхайда (1700 км) кеңсе ғимараттары қозғалып, дүрбелеңнен қызметшілер далаға жүгіріп, эвакуация басталған.

Табиғи апат салдарынан 70 мыңға жуық адам қаза тауып, 370 мыңнан астам адам жарақат алды.

Зілзаладан 5,36 млн ғимарат толығымен қирап, 21 млн-нан астам ғимарат бүлінген. Қытайдың миллиондаған тұрғыны баспанасыз қалды. Жер сілкінісінің жалпы экономикалық шығыны 86 миллиард АҚШ долларына бағаланды.

ТЕГи: Геосаясат
Сая Манарбековна 10.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?