Оңтүстік Кореяда әлемдегі ең төменгі туу деңгейі тіркелді. Сарапшылардың айтуынша, демографиялық дағдарыс ел экономикасына қатты әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BBC.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші бір әйелге 0,81 баланы құрайды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 1,6-ға тең. Халық санын бұрынғы деңгейде ұстап тұруға, көші-қонды өтеу үшін ел үшін әр отбасында екі бала туғаны дұрыс. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы 60 жыл ішінде бүкіл әлемде туу деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бірақ Оңтүстік Кореяда бұл үрдіс қатты байқалады. 1970 жылдары бұл елдегі әйелдердің орта есеппен төрт баласы болды.
Халықтың азаюы күшті экономикалық шиеленіс тудыруы мүмкін. Денсаулық сақтау жүйесі мен зейнетақы жүйесіне жүктеме артады. Жастар санының азаюы жұмыс күшінің жетіспеуіне әкелуі мүмкін, бұл экономикаға да қатты әсер етеді. Сонымен бірге, сарапшылардың пікірінше, Оңтүстік Корея тұрғындары экономикалық факторларға байланысты: өмір сүру құнының өсуі және тұрғын үй бағасының тым жоғары болуы салдарынан бала туудан бас тартып отыр. Азаматтардың отбасылық жоспарларына COVID-19 пандемиясы және оның салдары да әсер етті.