Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің рейтингіне енбей қалды.
Өткен рейтингте Елеусінов жартылай орта салмақта 20-орынды иеленген. Ал қазіргі рейтингке оның есімі енбей қалды. Бұл боксшының белсенділігі төмендегенінен болуы мүмкін. Себебі Данияр 2021 жылдың желтоқсанынан бері бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ.
Бір қызығы, өткен жылдың соңында Данияр IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған болатын. Бұған да боксшының кездесу өткізбегені себеп.
Қазіргі таңда Данияр Елеусінов АҚШ-та жаттығып жүр. Бірақ оның шаршы алаңға қашан оралатыны туралы нақты хабар жоқ.