Әлемдік діндер көшбасшылары: соғыс түрлерінен бас тарту керек

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің декларациясы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Декларация мәтінін съездегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс таныстырды.

Құжат 35 тармақтан тұрады. Онда қазіргі таңдағы жаһандық проблемалар баяндалған. Қазіргі басты проблема — соғыстар мен экстремизмге қарсы тұру. Қорытынды декларацияда олар әскери қақтығыстар мен текетірестердің домино эффектісі бар екенін атап өтті.

Экстремизм, радикализм, терроризм және басқа да барлық зорлық-зомбылық пен соғыс түрлері, олардың себебі мен мақсаты қандай екеніне қарамастан, олардың шынайы дінге еш қатысы жоқ және олардан үзілді-кесілді бас тарту керек,

деп есептейді дін көшбасшылары.

Конфессиялар басшылары үкіметтерге және халықаралық ұйымдарға экстремистер мен террористердің құқықтарын таптап, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, сондай-ақ соғыстар мен әскери қақтығыстар салдарынан зардап шеккен діни топтар мен этникалық қауымдастықтарға көмек көрсетуге шақырды.

Біз әлемнің пандемиядан кейінгі дамуы мен әлемдік процестердің жаһандануы және қауіпсіздікке төнетін қатер жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін диалогты нығайту, сондай-ақ рухани және адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігерді іске асыруда маңызды роль атқаратынын мәлімдейміз,

делінген декларацияда.

Декларация БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады. Бұл туралы декларация мәтінінде айтылған.

Бұл декларация Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі делегаттарының көпшілігінің қолдауымен қабылданды, бүкіл әлемдегі билікке, саяси көшбасшыларға, дін қайраткерлеріне, тиісті өңірлік және халықаралық ұйымдарға, азаматтық қоғам институттарына, діни бірлестіктер мен жетекші эксперттерге беріледі. Сондай-ақ ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады,

деп жазылған құжат мәтінінде.

Съездің жабылу салтанатында 2025 жылға жоспарланған VIIІ съезді де Қазақстан астанасында өткізу туралы шешім қабылданды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago