Categories: Шолу

Соғыстан тыс Украина: 2023 жылға арналған мембюджет, борщ индексі және әуежайлардың ашылуы

Өткен аптада Украинада алдағы 2023 жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасы мен қаржылық болжамдар белсенді талқыланды.

Министрлер кабинеті Украинаның 2023 жылға арналған мемлекеттік бюджетінің жобасын мақұлдады. 1,1 трлн гривеннен астам (немесе бүкіл бюджеттің 50%-ы) қауіпсіздік және қорғаныс секторына бағытталады.  The-village.com.ua хабарлауынша, нақты мәнде экономиканың +4,6% өсуі күтілуде. Орташа жалақы 18,5 мың гривен болады. Алдын ала ақпарат бойынша, елдің болжамды ЖІӨ шамамен 6 трлн гривен, ал инфляция +30% құрайды. Ең төменгі жалақы мен өмір сүру құны өзгермейді және сәйкесінше 6 700 және 2 589 гривенді құрайды.

Сондай-ақ, министрлер кабинеті 2023 жылдың соңында мемлекеттік қарыздың шекті көлемін 6 трлн 406 млрд гривен сомасында белгілеуді ұсынады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 76%-ға көп (3 трлн 645 млрд). Мемлекеттік қарыз Украинаның ЖІӨ-нің 100%-нан асуы мүмкін. Finance.ua ақпараты бойынша 2023 жылы Украинаның мемлекеттік бюджетінің кірістері 1 трлн 279 млрд-ты, шығындар — 2 трлн 514 млрд-ты құрайды. Бюджеттің шекті тапшылығы 1 трлн 280 млрд гривенді құрайды.

Резервтер де, борщ индексі де өсуде

Қаржы туралы айта отырып, Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері тамызда өткен аймен салыстырғанда 26,4%-ға — 15,9 млрд долларға дейін өсті. Finance.ua хабарлағандай, жыл басынан бері таза резервтер 23,4%-ға (20,767 млрд доллардан) қысқарды. Ұлттық банктің ресми резервтік активтері тамызда 13,6%-ға — 25,440 млрд-қа дейін өсті, ал жыл басынан бері 30,941 млрд доллардан 17,8%-ға қысқарды.

Сонымен қатар, Украинадағы толыққанды соғыс кезінде борщ индексінің құны 27%-ға өсті. Тағамның барлық ингредиенттері әскери шабуылдың алты айынан астам уақыт ішінде қымбаттады. 4 литрлік қызыл борщ табасы орташа есеппен 144 гривен тұрады. Бұл 2021 жылдың тамызына қарағанда 52%-ға қымбат, деп хабарлайды The-village.com.ua.

Үнемді роуминг

Еуропалық Одақтың Украинаны ЕО-ның барлық 27 елінде жұмыс істейтін роуминг аймағына қосу туралы шешімі біршама үнемдеуге көмектеседі. Speka хабарлағандай, онда ұялы байланыс пайдаланушыларынан мәтіндік хабарламалар, қоңыраулар және интернетті қай жерде болса да пайдалану үшін қосымша ақы алынбайды.

Қала жаңалықтары

Үкімет мемлекеттік бюджет жобасын талқылап жатқанда, ал УҰБ-да ақша есептеліп жатқанда, Одессада 29 шақырымдық — Еуропадағы ең ұзын трамвай маршруттарының бірі іске қосылды. Бірінші станциядан соңғысына дейін екі сағат және екі минут ішінде жетуге болады, деп хабарлайды The-village.com.ua.

Жаңалықтар мозаикасында Львов та жарқырады. Өткен аптада Украина әуежайлары екі апта ішінде жұмысын қайта бастай алатындығы белгілі болды. Басты шарт — қауіпсіздік. Ең бірінші болып «Львов» әуежайы іске қосылуы мүмкін

Ойындар мен көріністер

Соғыс украиндар өмірінің көптеген салаларына, соның ішінде ойын әзірлеушілеріне із қалдырды. Украиналық Starni Games студиясы Ukraine War Stories ойынын ойлап тапты, онда азаматтық кейіпкерлер орыс оккупациясында аман қалып, туыстарын да құтқарып қалуы керек. Ойынның негізіне Киев командасы өмірдегі шынайы фотосуреттер мен видеоларды, сондай-ақ әзірлеушілердің тәжірибесін қолданды, деп хабарлайды The-village.com.ua.

Осыған байланысты, АҚШ-тағы украиндық брендтер не көрсететіні қызықты. Vogue.ua хабарлауынша, Нью-Йорктегі Kyiv Art and Fashion Days аясында Украинаның алты талантты бренді – Elena Burenina, Bobkova, Frolov, Litkovskaya, Kovalska және Gudu – өздерінің жаңа коллекцияларын топтық презентацияда көрсетуге мүмкіндік алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago