Әлемге танымал жас қазақстандықтардың бестігі белгілі болды

«ТурСтат» сервисі 2022 жылғы 30 жасқа дейінгі әлемдегі ең танымал қазақстандықтарды атап, жыл қорытындысын жасады.

Рейтингінің бірінші сатысында Димаш Құдайберген тұр. Ол биыл Алматыдағы орталық стадионда 35 мыңнан астам көрермен жинады. Қазақстандықтардан басқа, концертке әлемнің 68 елінен 20 мың турист келген.

Екінші орында – диджей және музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов. Ол ТМД елдері арасында поп-музыка жанрында  «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш өнерпаз атанды. Оның ремиксі Roses от SAINt JHN әні YouTube-те 250 миллион қаралым жинады.

Үшінші орында – теннисші Елена Рыбакина. 2022 жылдың жазында Уимблдонды жеңіп алып, Үлкен Дулыға турнирінің алғашқы қазақстандық теннисшісі атанды.

Төртінші орында – боксшы Жәнібек Әлімханұлы. 2022 жылы WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанып, титулды қорғады.

Соңғы үздік бестікке кірген – Шавкат Рахмонов. Қазақстандықтар арасында UFC рейтингінің үздік 10-рейт, аралас жекпе-жектің әлемдегі үздік лигасына (ММА) бірінші болып кірді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago