Categories: Қоғам

Қазақта неге «Қожаның» орнын басатын кино жоқ?

«Менің атым Қожа» фильмі – бала кезден көріп жүрген, үнемі теледидарда қосылып тұратын ең үздік картиналардың бірі. 1963 жылға дейін осы жанрдағы балалардың қызық оқиғаларын сипаттайтын фильмдер КСРО да болды. «Менің атым Қожа» Том Сойер сияқты әдеби шығармада бұрыннан келе жатқан жанр. Кинотуынды әкесіз баланың өмірін суреттейді. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Әбішев Информбюро агенттігіне берген сұқбатында айтты.

«Менің атым Қожа» фильмінің режиссурасын атап айтса болады. Камераның қимылы, панорама, жоғарыға көтерілу деген сияқты тәсілдерді сәтті қолданған. Кейіпкердің актерлік ойы мен камера бірге жұмыс істегенде жақсы режиссура шығады. Голливуд фильмдерін көргенде сапалы кино деп айта аласың. Сапасы төмен, «Б» санаттағы фильмдерді көргенде іштей ондай сапа жоқ екен деп отырамыз. Қазір Қазақстандағы техникалар да, Голливудтағы техникалар да – бәрі бірдей. Дамыған техниканың бәрі бізге жетті.

Дегенмен, мықты түсірілген фильмдерімізге бірнәрсе жетіспейтін сияқты көрінеді. Біздікілер бір құпияны білмейді-ау деген ой келеді. Қазақстанда да киноның иісі шығатын үздік режиссура бар. Режиссердің талғамы жоғары болса, кино да сапалы болады.

Оған дейін Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин режиссура қолданбады деп айтуға болмайды. Қимыл, камера аз болуы мүмкін. Режиссура – режиссердің концепциясы. Рой Андерссон деген режиссер композицияны бір кадрмен қояды да, бүкіл сахнаны он минут түсіреді. Бәрінің режиссурасы мықты, өзінше кино тілі бар.

Серік Әбішевтің айтуынша, балалар киносы Қазақстанда көптен бері түсірілмеді. «Off-line демалыс» атты қазіргі шақтағы жасөспірімдердің лагердегі өмірі туралы фильм шықты. Бұл Қырғызстанның режиссер-сценаристері түсірген «Айыл кемп» фильмінің франшизасы.

«Off-line демалыс» жобасына сұраныс жақсы болды. Аз ақшаға түсірілгенмен прокатқа шығарып жақсы ақша әкелді.  

Режиссер Абдолла Қарсақбаев көзқарасы мен ұстанымын балаларға емес, үлкендерге астарлап, эпизод тілімен жеткізеді. Десе де ол балалар режиссері аталып кетті. Балалар киносы арқылы кесек ойларын жеткізген. Ал «Off-line демалыс» фильмін сол кездегі дүниемен салыстыруға келмейді. КСРО-дан кейін режиссерлеріміз бір-екі рет балаларға арналған кино түсіруге талпыныс жасап көрді. Фархат Әбдірайымов түскен «Сиқырлы демеуші» картинасын атауға болады. Кеңес одағы кезінде балалар киносына қаржы бөлінетін, кинотеатрлардан көрсетілетін. Қазір балалар киносын қолға алған ешкім жоқ.

Режиссер отандық фильмдерде ұлттық идеологияның болмауын да сынға алды.

Бүгінге дейін түсіріліп келе жатқан фильмдерде ешқандай идеология жоқ. Қазіргі күнде оның болуы – міндетті,

деп аяқтады.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago