Categories: Білім

Әлеуметтік желілердің көбі қазақ тілді аудитория үшін ыңғайлы емес — министрлік

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тұтынушының шағымы мен өтінішіне дәлелді жауап бермейтін интернет платформаларына қатысты шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі жылдары тексерілмеген тауарларды, қызметтерді және алаяқтық схемаларды жарнамалаған қоғамдық тұлғаларға қатысты оқиғалар жиілегенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, қоғам, әсіресе балалардың осындай ақпараттан қорғалмауы алаңдауға негіз болып отыр. Бұл ретте бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында пайдаланушылардың онлайн платформа иелерімен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері жоқ. Ел азаматтарының іс жүзінде барлық өтініштері мен шағымдары қанағаттандырылмайды немесе дәлелді жауап берілмейді. Егер бұл онлайн платформалар әкімшілігі ресми түрде сататын және таңбалайтын жарнама болмаса, онда қарапайым азаматтарға тұтынылатын ақпаратты жіктеу мүмкін емес», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған консультативтік құжатта.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дерегінше, бірқатар елде жарнамалық контенте тұтынушы құқығын қорғауға және онлайн платформаларда жарнамалық стратегияны тиімді жүргізуге бағытталған құқықтық алгоритмдер бар.

«Кейінгі жылдары отандық контент тек Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде де танымал болғанын атап өту маңызды. Дегенмен, әлеуметтік желілердің қазақ тілді аудиторияға ыңғайлы және толық түсінікті болуы үшін платформаларды, сондай-ақ мәтіндік контентті мемлекеттік тілге аудару жүйесін пайдалану мүмкіндігі жоқ», — деп түсіндірме берілген қабылдануы мүмкін заңға.

Осыған байланысты ведомсво интернеттегі жарнама және онлайн платформалар туралы жаңа заң әзірлеуді ұсынып отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago