«Спектакльге қатысуға құлқым жоқ». Ақберен Елгезектің Жазушылар одағынан кеткені талқыға түсті

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезектің қызметінен кетуі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Ардақты ағайын! Мен бүгіннен бастап Қазақстан Жазушылары одағындағы қызметімнен ресми түрде кеттім. Келе жатқан Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ. Ұлтымыздың ұлы әдебиеті жасай берсін,

деп жазды ол өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Оның бұл жазбасы Арман Шораев, Мұхтар Тайжан секілді қоғам белсенділерінің де назарын аударды.

Мұхтар Тайжан «Бұндай дарынды, талантты тұлғалар билікке ұнамайтыны анық. Біз бейжай отырсақ алдымызда елді застой ғана күтіп отыр. Оян, қазақ! Көтер басты!» деп жазса, Арман Шораев «Мемлекеттен қаржыландырылмайтын, өзін-өзі асырап күнелткен Жазушылар одағын Ақберен секілді мықты интеллектуал, мемлекетшіл азаматтар әупірімдеп ұстап тұрған. Ақберен бауырым да жұмысынан кетіп тыныпты. Сонда кім жұмыс істейді? Шоумендер ме? Бүкіл зиялы қауым теріс айналатын түрі бар…» деп пікір білдірді.

Бір қызығы, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет сол шамада өзінің фейсбуктегі парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қабылдауында болғанын жазып, сәлден соң желідегі жазбасын алып тастады.

Тортуыл Шоқан есімді блогер Жазушылар Одағының 900-ге тарта мүшесін тырп еткізбей ұстап отырған адам билік-ішкі элиталық текетіресте қолдамады деу — сандырақ, деген пікір білдірді. Айтуынша, билік «қолдан» оппозиция жасамақшы.

Енді «оппозицияның» жаңа толқынын халыққа таныстырып жатқан секілді. Соның бірі Ақберен-ау… Әдебиеттен мақұрым Мұқтар Тайжан мен Арман Шораевтың Ақбереннің қызметтен кетуін «билікке мұндай азаматтар ұнамайды..» деп бағалады. Шынымен солай ма? Меніңше, жоқ!

Ақберен өзін жалпақ жұртқа өте әккі, ақылды, тісі қалғанша тістесетін, мінезі қырсық, айтқанынан қайтпайтын, бала күнінен өмірдің қиыншылығын көп көрген, ешкімке толық сенбейтін адам ретінде таныстырды. Билікке барып алғандар арасында жауы жетеді. Жақтастары да аз емес. Осындай алуан түрлі өмір сатысынан өткен, ұстанымын жұрт түсініп болмайтын тұлғадан оппозиция жасау өте ұтымды. Жары Дина Елгезектің билікке қатысты позициясын білесіңдер. Ал, Ақберен «Динаның позициясын қабылдады» деуге келмейді. Ойынан шықпаған билікке өкпелеп жанұясы мен шетелге кетіп қалса көрерміз. Ал, ел ішінде қалса бұ жерде бір ойынның бары анық,

деп жазды блогер.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago