«Әлихан Бөкейханов Кенесарының басын тығуға көмектескен». Тележүргізуші күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал тележүргізуші Жанат Бақыт әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Жақында Кенесарының басы табылады» деп жарияға жар салды. Жазбаға сүйенсек, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов оған аян беріп, Кенесарының басын тығуға көмектескенін мәлімдеген және қазір басты қайдан іздеу керегін сілтеген.

“Мен, Әлихан Бөкейханов, Кенесарының басын тығуға көмек бердім. Ісіме өкінемін. Атамның ісін қайталамай-ақ қояйын деген едім. Алайда… қайталанды. Мен солай істеуге мәжбүр болдым, халқым, кешіріңдер. Михаиловпен терезесі жоқ қараңғы қапаста кездестік, өз қолыммен Кеңесарының басын апарып бердім. Михаилов мысқылдап, “Халқың түбі білсе қайтесің?” деген еді, мен “Бұл құпияны көрге әкетем. Ал түбі білсе… халқым түсінеді” дедім.

Егер мен Кенесарының басын бермесем, олар Алаштың бәрін қыратынын айтып қорқытты.

Халқым! Кешіріңдер мені. Жаратушы алдына бардым. Кешірім сұрадым! Жаратушы кешірді. “Басты өзің тықтың, өзің тыққан жерді айт Халқыңа” деді.

Кенесарының басы Европаның Шығыс жағалауы Венецияда, Ақ үйдің астындағы қалада, 9 құлыппен 7 кварталда жасырылған.

Жаратушы мені кешіріп, Венецияның суын тартып жатыр. Бұл ақпаратты алдымен Италия қазақтары біледі. Сосын бүкіл ақпарат құралдары шулайды. Кеңесарының басын Қазақстан қайтаруды талап етеді! Бәрі қалпына келеді. Қазақ Алаштықтар армандаған “Негізіне” оралады. Тағы да кешірім сұраймын.

Әлихан Бөкейханов. 18.03.2023 жыл” делінген тележүргізуші қалдырған жазбада. Сондай-ақ Жанат Бақыт бұл жазбаны көптеп таратуды сұраған.

Оқырмандардың дерлігі тележүргізушінің бұл жазбасын мысқылмен қабылдады. Көпшілік оның есінің дұрыстығына күмәнданды.

«Джоан Роулинг жолда қалады»

«Қазақ радиосынан кешкі ертегіге қосса жақсы»

«Айсултан Назарбаевтың рухы қонған-ау шамасы»

«Атың шықпаса, жер өрте дегендей ма»

«Алжысаң жөніңе алжы! Жұрттан аулақ! Әлихан атамыздан қолыңды тарт!»

«Көктем. Құстар келіп жатыр. Кей адам ауытқитын кез ғой»

«Алла сақтасын, Жаннат Бақыт, есіңді жи. Кенесары бабамыз 1847 ж. қайтыс болса, Әлихан атамыз одан 19 жыл өткенде, яғни 1866 жылы өмірге келген. Сандырақтарың бірінен бірі асып барады, Алла хидаят берсін»

Алайда, Жанат Бақыттың идеологиясын қолдайтындар да табылды.

«Жанат Бақыт қазақтың талай қыздарын оятып жүр, мен сенемін, Венециядан басы елімізге жетіп, толыққанда Еліміз Әлемге танылады әлі»

«Сену-сенбеу өз еркіңізде. Сенбесеңіздер Жанатты балағаттамай, жай өтіп кетіңіздер. Оданша ізденіңіздер, оқыңыздар»

«Қазақ халқының ғұламалары босқа айтпаған,төртеу түгел болса төбедегі келеді деп. Қазақ рухы оянып, Қазақ елін әлем мойындайды. Жаннат Бақыт Қазақ халқының оянуының бастауы»

«РУХТАР, ӘУЛИЕ-ӘМБИЕЛЕР ҚАПТАП ҚАЛЫҢ ҚОЛ БОЛЫП КЕЛЕ ЖАТЫР»

Айта кетейік, бұрынғы тележүргізуші қазір регрессология, реинкарнация псевдоғылымдарын зерттеуші. Оған сәйкес адам жаны ешқашан өлмейді, тек бір денеден бір денеге өтіп жүреді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago