Шетел басылымына шолу

Ливиядағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 20 мыңға жетуі мүмкін

Ливияның шығысындағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны өсуде. Дерна қаласының мэрі Абдулменам аль-Гайтидың айтуынша, тек осы аймақтың өзінде қайтыс болғандар саны 20 мыңға артқан. Бұл туралы Rg.ru басылымы хабарлайды.

Гуманитарлық топтар, саясаткерлер мен әскерилер қаза тапқандар саны одан әрі өсуі мүмкін деп болжап отыр.

Бұған дейін Грекияда болған «Дэниел» циклоны жексенбі күні Солтүстік Африка еліне соқты. Толассыз жауған жаңбырдан кейін Дерна маңындағы бөгет бұзылып, 125 мың тұрғыны бар қаланы толқын басып, бүкіл көшелердісу шайып кетті. Аталған аймақтың бүкіл көшелері метрден асатын балшыққа батты. Құтқарушылар үйілген топырақ пен суспензия астынан тірі қалғандарды іздеуде.

Ливияның шығысындағы үкімет өкілі сәрсенбіде 1000-нан аса белгісіз мәйіттің бейітке жерленгенін айтты. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша Дернаның өзінде 30 мың тұрғын баспанасыз қалды. Сәрсенбі күні кешке Ливия халықаралық көмек сұрады. Атап айтқанда, апат аймағына жарықтандырылған 100 шатыр, 1000 лагерь төсегі, 1000 көрпе, 1000 төсеніш және 80 электр генераторы жеткізіледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Нью-Йорктегі өкілі Антонио Гутерриш ұйымның шенеуніктері жергілікті, ұлттық және халықаралық серіктестермен «зардап шеккен аймақтардағы адамдарға шұғыл гуманитарлық көмек көрсету үшін» жұмыс істеп жатқанын айтты. Оқиға орнында БҰҰ тобы жұмыс істейді. Дернадан басқа Әл-Байда, Әл-Мардж, Суса және Шахат сияқты қалалар да зардап шекті.

Дернаның тарихы Рим дәуірінен басталады. Тау және шөлмен қоршалған қала XX ғасырдың басында итальяндық оккупацияның әсерінен өзгерді. Дерна да бірнеше рет қақтығыстардың орталығына айналды. Жағалаудағы қала уақытша ИМ анклавы болып саналды (топ террористік деп танылды). 2019 жылы генерал Халифа Хафтардың әскерлері бірнеше айлық шайқастан кейін Дернаны толығымен басып алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago