Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Әлия Назарбаеваның қоқыс зауыттары: компания 3 трлн теңге табыс табуды көздеген
Қоғам

Әлия Назарбаеваның қоқыс зауыттары: компания 3 трлн теңге табыс табуды көздеген

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 27.04.2023
Обновлено 27.04.2023 в 05:04
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Астанада «ӨКМ Операторы» компаниясына қатысты атышулы іс бойынша сот талқылауы жалғасуда. Сотталушылар орындығында төрт адам отыр – компания басшылығы және бұрынғы экология вице-министрі. Оларға сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін отырыста жәбірленуші тараптың мүдделерін Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева қорғады.

Өзге мәселелерден бөлек отырыста Waste Energy Kazakhstan 2025 жылға дейін «ӨКМ операторымен» бірлесіп салуы тиіс болған алты қоқыс өртейтін зауыттың жобасы туралы сөз болды.

Тергеу мәліметтері бойынша, мемлекет бұл зауыттардан электр энергиясын 15 жыл ішінде негізсіз көтерілген тариф бойынша сатып алуы керек еді. Жоба жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуі тиіс болған.

Мәселен, 2021 жылы қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған келісімшарт бойынша электр энергиясының әр кВТ/сағатын 191 теңгеге сатып алу жоспарланған. Ол кезде жарықтың нарықтық құны 1 кВТ/сағат үшін 18-ден 101 теңгеге дейін құбылып тұрған. Сотқа дейінгі тергеуге қатысқан мамандардың айтуынша, баға 1 квт/сағат үшін 88 тг болуы керек еді.

Бас директор Нәлібаевадан орталық мұндай қолайсыз мәмілені не үшін жасағаны туралы сұрағанда, ол тарифті аукцион нәтижелері бойынша экология министрлігі белгілейтінін түсіндірді. Қаржы-есеп айырысу орталығы тек шартқа қол қоюға міндетті.

Біз мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерге күмән келтірмейміз. 2022 жылдың сәуірінде тергеу басталған кезде, танысу барысында бізге экология министрлігі қабылдаған бұл бұйрық мемлекеттік органдармен – энергетика және индустрия министрлігімен келісілмегені көрсетілді. Келісімшартқа қол қойған кезде біз мұндай нәрселерге қарамаймыз. Бұл бұйрық заңнама нормаларынан тыс қабылданғаны белгілі болған кезде, келісімшарт заңды ма, жоқ па деген сұрақ туды,

деп түсіндірді ол.

Нәлібаева қылмыстық істі тергеу басталғаннан кейін орталық есеп жүргізгенін, соның негізінде Waste Energy Kazakhstan 15 жыл ішінде 2,9 триллион теңге табыс табуы мүмкін екені анықталғанын айтты.

Сонымен қатар, ол тариф негізсіз көтерілді деп тап басып айта алмайтынын жеткізлі. Ол компанияның электр қуатын сатудан қанша ақша табуы мүмкін екенін ғана мәлім етті.

Бірінші жыл – аукциондық құны бойынша 172 теңге және біз жыл сайын 4-4,5% -ға индекстедік. Тиісінше, жыл сайын инфляцияға байланысты тариф өсті. Осындай бағамен электр энергиясын ұсынған компанияның табысы жыл сайын 130 миллиард теңге болса, 15 жылда – 270 миллиард теңге. Яғни, үш триллион теңгеге жетеғабыл. Біз өзіміз үшін осындай есептеулер жүргіздік.

Кейінірек «ӨКМ Операторы» экс-Бас директоры Светлана Коротенконың адвокаты Бұхарбаева соттан Нәлібаеваны жәбірленушілер қатарынан шығаруды сұрады, өйткені ол залал келтіру фактісін растай алмады.

Еске салайық, қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланыстырылатын компания дау ошағына айналды.

«ӨКМ Операторы» бірнеше рет сынға ұшырады. Алдымен компанияның басқарушы директоры Руслан Шамшиевтің қайтыс болғаны, дәлірек айтсақ, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы белгілі болды, содан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты күдікпен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауға алынды.

Кейінірек компанияның бұрынғы бас директоры Светлана Коротенко да тергеу изоляторына жіберілді.

6 сәуірде іс бойынша алдын-ала тыңдаулар өткен. Сол кезде адвокаттар 2015 жылы компанияны құру туралы шешім қабылдаған бірден-бір адам – экс-президенттің қызы екенін айтып,  одан да жауап алуды сұраған.

Алайда 17 сәуірдегі отырыста судья қорғаушылардың өтініші қанағаттандырылмайтынын мәлім етті.

20 сәуірдегі отырыста Коротенконың қорғаушысы Украинаның Қазақстандағы консулын іске тартуды сұрады.

21 сәуірдегі отырыста айыпталушылардың жарты миллиард теңгені қалай ұрлағаны айтылды. Алайда олар өз кінәсін мойындамады.

Сая Манарбековна 27.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?