Categories: Қоғам

Люкс по-алматински. Алдымыз әдемі болғанымен, артымыз ашық

The Ritz-Carlton қонақүйіне аялдаған шетелдік далаға шықпасын деп тілейік…

Алматыны – туризм ордасы дейміз. Ал Қазақстан өзіне турист тарту үшін кэшбек және басқа да бағдарламалар енгізіп әлек. Туризмнің саласының жеке министрлігі бар. Оған «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясын қосып қойыңыз. Олардың миллиардтаған бюджетін ұмытпаңыз. Шетелдіктер бізге келіп, көрікті жерлерімізді көрсін дейміз. Бірақ ол үшін қарапайым, болмашы нәрселерді де жасай алмай отырмыз. Егер турист бізді 360 градусқа айналып шықса, масқарамыз шығатыны анық.

Zhatpa.kz қызықты тәжірибе жасап көріпті.  Жарайды, шетелдік азамат Алматыға ұшып келіп, ең қымбат The Ritz-Carlton отеліне қоныстанды.

Терезеден қараса, үстінен көрініс былай жаман емес сияқты.

Оны көрген шетелдік турист, далаға шығып, серуендеп қайтайын деп шешеді. Есентай өзенін көріп, өзен жағалауында қыдырғысы келеді әрине. Сонда жағалауға мына қорқынышты баспалдақпен түскен кезден бастап зәресі ұша бастамақ.

Үстінен бомба түскендей қирап жатқан баспалдақтан өткеннен кейін, ол Есентай өзенінің түбіндегі масқара лайды көреді. Біздің ойымызша, Есентай – Алматыдағы ең бітеліп қалған, лай мен балшыққа толы өзен. Және ол қаланың ең қымбат, көрікті деген жерінде мен мұндалап тұр. Кәдімгі бақалар бақырып жатқан, балдырлар өсіп, көгеріп кеткен шалшыққа айналған.

Шетелден келген турист дәл осы жерден тоқтап, өзін бір геттоға келдім деп есептеп, тезірек қайтадан қонақүйге қашып кеткені біз үшін дұрыс болар еді. Ал егер ол көпірдің астына кірсе, онда шаруамыз бітті.

Бұл – Есентай Сити коттеджді қалашағының алаңшасы. Ары қарай Алматыдағы ең қымбат Хейлибери мектебінің автотұрағы басталады. Қоқыс шашылып жатыр.

Есентай Апартмент тұрғын үй кешені ғана өздерін қоршап алып, қоршаудың ішінде тәртіп орнатқан сияқты. Бірақ, көпірдің үстіндегі теміржақтаулар ішінен іріп жатыр. Сонда тек сыртын ғана бояй береді. Оның көмектеспейтіндігі көрініп тұр. Қолмен ұстауға қауіпті.

Айта кетейік, қазіргі таңда өзен арналарына іргелес аумақты күтіп ұстау жұмыстарын «Eco Almaty» ЖШС жүргізуде. Бұл жерде компания тарапынан өз жұмысына салғырт қарауы, не болмаса, компанияға бөлінген бюджеттің бұл жұмысты сапалы жасауға жетпей жатқандығы байқалады.

Шенеуіктерге қыс келіп, қар жауғаны күтпеген оқиға болатыны сияқты, осы ретте де алдын-ала шешілуі тиіс жұмыстар қараусыз қалды. Енді тендер шаруалары аяқталғанша тұрғындар жаздың келуін күтуі тиіс. Тым болмағанда, жақын болашақта көктемде істелуі тиіс жұмыстар көктемде, күзгі жұмыстар күзде жасалады деп сенеміз. Себебі, әкімдіктегі азаматтар да қар еріп, көктем келе салысымен өз үйлерін тазалап, жер үй ауласын сыпырып, тырмалайтыны анық. Егер олар қаламызға өз үйіндей қараса, оны тұрғындар да сезінер еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago