Categories: Оқиға

Үлкен Алматы жолын пайдалану апатпен басталды

Үлкен Алматы айналма жолы маңында үлкен жол апаты болып, 3 адам көз жұмды.

Маусым айының 18-і күні таңғы уақытта Kia көлігінің жүргізушісі үлкен жол апатына себепкер болды. Көлікте жалғыз болмаған 29 жастағы жүргізуші Алматы — Көкпек — Көктал тасжолында рөлді тізгіндей алмай, Үлкен Алматы айналма жолына шыққан. Сол сәтте  ол  51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ал кейін жеңіл авто көлік жол бойында тұрған газон суаратын ЗИЛ көлігіне соғылғаны анықталды.

Полицияның мәлімдеуінше, жантүршігерлік жол апатынан ЗИЛ көлігінің жүргізушісі, Kia-ның 42 жастағы жолаушысы сол жерде қайтыс болған. Ал, жеңіл көліктің жүргізуші ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар, тағы бір жолаушы Алматы қаласының ауруханасына жеткізілген.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелген. Қазір барлық қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр,

деді Алматы облысының Полиция департаменті өкілі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago