Үлкен Алматы айналма жолы маңында үлкен жол апаты болып, 3 адам көз жұмды.
Маусым айының 18-і күні таңғы уақытта Kia көлігінің жүргізушісі үлкен жол апатына себепкер болды. Көлікте жалғыз болмаған 29 жастағы жүргізуші Алматы — Көкпек — Көктал тасжолында рөлді тізгіндей алмай, Үлкен Алматы айналма жолына шыққан. Сол сәтте ол 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ал кейін жеңіл авто көлік жол бойында тұрған газон суаратын ЗИЛ көлігіне соғылғаны анықталды.
Полицияның мәлімдеуінше, жантүршігерлік жол апатынан ЗИЛ көлігінің жүргізушісі, Kia-ның 42 жастағы жолаушысы сол жерде қайтыс болған. Ал, жеңіл көліктің жүргізуші ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар, тағы бір жолаушы Алматы қаласының ауруханасына жеткізілген.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелген. Қазір барлық қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр,
деді Алматы облысының Полиция департаменті өкілі.