Киноакадемиктер «Бәрі барлық жерде және бір уақытта» (Everything Everywhere All at Once) фильмін ең үздік деп атады. Бұл туынды бір ғана мүсінмен шектелген жоқ — «Үздік режиссура», «Үздік бірегей сценарий», «Үздік монтаж», сондай-ақ «Үздік актриса», «Үздік қосалқы актриса» және «Үздік қосалқы актер» номинациялары бойынша да жеңіске жетті.
«Кит» фильміндегі рөлі үшін Брендан Фрейзер үздік актер атанды.
Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия), сондай-ақ ол операторлық жұмысы үшін де үздік атанды.
«Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмінің костюмдері үздік атанды. Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирландша қоштасу» болды.
Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.
Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».
Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
Үздік қоюшы-суретші жұмысы — «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»
Үздік түпнұсқа сценарий — «Бәрі барлық жерде және бір уақытта».
Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».
Үздік дыбыс — «Топ Ган: Мэверик».
Үздік ән — үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.