LRT құрылысына бюджеттен тағы да ақша бөлінеді

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет Астанадағы жеңіл рельсті жүйе құрылысына қалай ақша бөлетінін түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Біз бұл жобаның алдағы тағдыры туралы көп талқыладық. Осы жобаны одан әрі дамытудың әртүрлі схемаларын, әртүрлі нұсқаларын зерттей келе, халықаралық сарапшылардың пікірін ескеріп, жобаны жалғастырып, оны біршама оңтайландырылған түрде аяқтаймыз деген шешімге келдік.

— деді Смайылов.

Ол қазір үкімет қаржыландыруды жалғастырып жатқанын, атап айтқанда, LRT құрылысын жалғастыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

«Бұл ақша игеріліп жатқандықтан, біз оны дамытудың тиімділігін, осы жоба аясындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қарастырамыз. Содан кейін бұл жобаны аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлетін боламыз. 

LRT жобасымен әкімдік айналысады және ақшаны әкімдік бөледі. Біз бұл қаражатты жұмыстың дұрыс атқарылып жатқанын тексере отырып кезең-кезеңімен бөліп отырамыз.

— деді Премьер-министр Смайылов.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago