«Аятолланы мадақтайтын әнді орындаудан бас тартқан»: Иранда оқушы қыз ауыр соққыдан қайтыс болды

Мектепте Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеиді мадақтайтын  әнді айтудан бас тартқаны үшін соққыға жығылған 16 жастағы ирандық Асра Панахи қайтыс болды. Бұл туралы The Guardian басылымы ирандық мұғалімдер кәсіподағына сілтеме жасап хабарлады.

Iran International ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 13 қазанда полиция отряды Иранның Ардебиль қаласындағы қыздар оқитын мектептің біріне келіп, оқушыларды үкіметті жақтайтын шеруге қатысуын талап еткен. Онда қыздар Иранның көсемі Аятолла Әли Хаменеиді мадақтайтын үгіт-насихат әнін айтуы керек еді. Алайда оқушы қыздар ән орындаудан бас тартқан.

Полицейлер сөзге көнбеген қыздарды аяусыз ұра бастаған. Соққы салдарынан 10 оқушы қыз ауруханаға түсті. 14 қазанда олардың бірі Асра Панахи ауруханада қайтыс болды. Сонымен қатар, соққыдан кейін полицейлер бірнеше қызды ұстап, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Иран билігі оқушы қыздың өліміне қауіпсіздік күштерінің кінәлі екенін жоққа шығарған. Оған қоса олар қыз туа біткен жүрек ақауынан қайтыс болғанын мәлімдеп отыр.

Асра Панахидің өлімінен кейін Ардебильде наразылықтар қайтадан күшейе түсті. 16 қазанда Twitter желісінде жарияланған видеода наразылық білдірушілердің полиция қызметкерлеріне тас лақтырып, көлік дөңгелектерін өртеп жатқаны көрінеді. Оған қоса протеске шыққандар: «Полковник! Бүгін менің қызым, ал ертең сенікі!» деп айтқан.

Иранның мұғалімдер кәсіподақ ұйымы полицияның ел мектептеріне жүргізген бірқатар рейдінен кейін білім министрінің отставкаға кетуін талап етті.

Еске салайық, Ирандағы наразылық митингісі 13 қыркүйекте полиция 22 жастағы Махса Аминиді хиджабты «дұрыс емес» кигені үшін ұстап, ұрып-соғып, салдарынан қайтыс болғаннан кейін басталды. Билік саясатына наразылық белгісі ретінде ирандық әйелдер хиджабтарын шешіп, өртеді. Ал жоғары сынып оқушылары наразылықтың қозғаушы күштерінің біріне айналды. Көшедегі әрекеттерді күшпен басу әрекеті нәтижесінде әртүрлі деректер бойынша 215-тен 233-ке дейін адам қаза тапты, оның 27-сі — жасөспірімдер.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago