Тілшілер қауымы Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен LRT құрылысын кім жалғастыратыны жөнінде сұрады.
бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысан құрылысын әрі қарай сала береді,
деді әкім.
Сондай-ақ, ол вагондарға да бас мердігер тапсырыс беретінін айтты.
Нысанның жылжымалы құрамына да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді.
Еске салсақ, мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына ерекше атап өткен еді.
LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын,
деген еді Тоқаев.