Categories: Экономика

Ұлттық банк бұдан былай 200 теңгелік қағаз ақшаны шығармайды

Ұлттық банк енді номиналы 200 теңге болатын қағаз ақшаны шығармайды. Бірақ бұл банкнот заңды түрде төлем құралы ретінде қабылдануы тиіс деп хабарлайды Тime.kz

Дерекке сүйенсек, аталмыш қағаз ақша әлі де заңды төлем құралы. Оны сауда орындарында қабылдау міндетті. Я болмаса банкте алмастыруға болады. 

2020 жылғы 28 қаңтардан бастап қолма-қол ақша айналымында номиналы 200 теңгелік банкноттармен қатар ұқсас номиналдағы монеталар да бар. Айналымдағы номиналы 200 теңгелік қағаз ақша қалады және табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылады. Банкнотаны монеталармен қатар айналыста және төлемдердің, банк операцияларының және аударымдардың барлық түрлері бойынша қабылдау міндетті,

делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, қаржы институты қағаз ақшаларды қайда алмастыруға болатынын да түсіндірген. 

Бұл банкноттарды банктер мен «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшесінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында ұсақтауға және айырбастауға болады. Ал бүтін ақшаны қабылдамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған,

деп түсіндірген.

Сондай-ақ сайт тілшілері қағаз ақша мен монетаны шығару кезінде қайсысы арзанға түсетінін және шыдамдылығы бойынша қайсысы көпке жарайтынын сұраған. Ұлттық банк жауабы мынадай:

Орташа есеппен айтсақ, банкноттар айналымда бес жылға дейін жүре алады. Монеталардың орташа қызмет ету мерзімі шамамен 10-15 жылды құрайды. Ал номиналы 200 теңге болатын банкноттардың орташа қызмет ету мерзімі бір жылдан аспайды. Жалпы банкноттар мен монеталар өндірісі Қазақстан Ұлттық Банкі мен қарсы әріптестер арасындағы шарттық қатынастармен байланысты. Жасалған шарттар бойынша қарсы серіктестердің келісімінсіз коммерциялық шарттарды жария ету азаматтық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады,

делінген Ұлттық банк жауабында.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago