Базалық мөлшерлеме тамызда 16,75%-дан 16,5%-ға, қазанда 16%-ға түскен болатын.
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі салымшылардың депозитіне үстеме ақшаның аз қосылатынын және несие алудың тиімдірек болатынын білдіреді.
Жылдық инфляция белсенді түрде баяулап келеді. Алдағы айларда оның көрсеткіші бір таңбалы мәнге жетеді деп күтіледі. Қазанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерге дейін баяулады.
Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің қатаң саясаты мен әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі аясында бәсеңдеп келеді. Алайда назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар.
Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан проинфляциялық қысым сақталып отыр.