Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгертті

Эксперттер есебінше, 2022 жыл қорытындысы бойынша инфляция алдыңғы болжамнан асып түседі.

Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.п. проценттік дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Соған сай, өтімділікті ұсыну бойынша үздіксіз қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5%, ал өтімділікті алу бойынша үздіксіз қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5% болады.

Нақты инфляция инфляциялық күтулердің жеделдетілуі аясында болжамды траекториядан айтарлықтай асып түсті. Тұтыну бағасының тұрақты құрамдас бөлігі де, жалпы баға деңгейі де өсіп жатыр. Биыл мамыр-маусым айларындағы инфляция оның шарықтау шегінен өтпегенін көрсетеді. Жоғары инфляциялық күтулер инфляциялық қысымды арттырады,

деді Ұлттық банкте.

Ұлттық банк болжамы бойынша, 2022 жылы инфляция бұрынғы болжамнан асып түседі. Жаңа шок алынбаса, инфляцияның жылдық өсуі 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін жалғасып, содан кейін баяулайды. Бұл шешім 2023 жылы инфляциялық процестер мен күтулерді тұрақтандыруға және бәсеңдетуге, инфляцияны орта мерзімді перспективада мақсатты көрсеткішке жақындатуға бағытталған.

Жүргізіліп жатқан инфляциялық процестердің тұрақтылығы, сұранысты фискалды ынталандыру және сыртқы инфляциялық фон 2023 жыл ішінде инфляцияға кезең-кезеңімен әсер ететін халықтың жинақтау қалпын ынталандыру үшін базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап етеді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago