Қазақстан мен Сауд Арабиясы бір-біріне не сатады

Қазақстанның Сауд Арабиясымен тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-мамырда $3,3 млн құрады, деп хабарлайды LS.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,7%-ға төмендеді. Бұл ретте тауар импорты жалпы құны $1,3 млн бола отырып, 38,1%-ға азайды, экспорт көлемі, керісінше, 42,8%-ға ұлғайды және $2 млн құрады.

Қазақстаннан Сауд Арабиясына экспортталған тауарлар:

  • ферроқорытпа — $1,1 млн-ға 250 тонна,
  • кондитерлік өнімдер — $414 мың долларға 109,4 тонна,
  • карбидтер — $121,7 мың долларға 164,5 тонна,
  • жеке функциялары бар механикалық құрылғылар — жалпы сомасы $286,8 мың.

Сауд Арабиясынан Қазақстанға импортталған тауарлар:

  • сұйықтықты шашатын құрылғылар — $395,2 мыңға,
  • изоцианттар – $265,7 мыңға 91,8 тонна,
  • полиэфирлер – $195,7 мыңға 51 тонна,
  • лак-бояу бұйымдары – $106,6 мыңға 11,9 тонна,
  • құрма, дәрілік заттар және бояғыш заттар.

Егер өткен жылғы деректер бойынша елдер арасындағы тауар айналымын қарайтын болсақ, ол 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1 есе өсімді көрсетіп, $8,7 млн жетті. Экспорт пен импорт сәйкесінше $5,5 млн және $3,2 млн құрады. Сыртқы сауда статистикасының деректері бойынша экспорт көлемі 3,9 есе өсті, импорт бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,5%-ға артты.

Экспортталатын тауарлар қатарына жалпы құны $1,5 млн аккумуляторлар, $1,2 млн сомасына ұшақтар, ферроқорытпалар — $1,1 млн 412 тонна, ерлер жейделері – $166,7 мыңға, сондай-ақ майкалар, карбидтер және қара металдардан жасалған бұйымдар кірді.

Сауд Арабиясынан осы кезеңде сұйықтықтарды бүркуге арналған құрылғылар – $1,6 млн-ға, дәрілік заттар ($470,3 мың 4,7 тонна), құрма ($419 мың 605,2 тонна), центрифугалар, шаян тәрізділер және полиэфирлер импортталды.

Айта кетейік, президент Сауд Арабиясының іскер топтар өкілдерімен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысып, ынтымақтастықты кеңейту үшін бірқатар келіссөздер жүргізді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 часа ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago