Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Ұлттық комиссия өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылады
Қоғам

Ұлттық комиссия өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылады

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 24.01.2024
Обновлено 24.01.2024 в 12:01
Поделиться
Поделиться

А.Балаева: Ұлттық комиссияның 2024 жылғы қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

Бүгін Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған міндеттерді айқындады.

Отырысты ашқан ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева Мемлекет басшысы қол қойған Жарлығына сәйкес комиссия мүшелерін ротациялау жүргізілгенін атап өтті.

Аида Балаева Ұлттық комиссияның бұрынғы мүшелеріне жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға жаңа мүшелерді  таныстырып, оларға бірқатар міндеттер жүктеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына Ләззат Қалтаева, Тілектес Адамбеков, Альфия Адиева, Ренат Зулхаиров, Шолпан Каринова, Эльмира Каримова, Муслим Хасенов енді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«2023 жыл комиссия қызметінде табысты, нәтижелі болды. Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарға сәйкес ұлттық комиссияның өткен жылғы қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге баса мән беріп, билік пен азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар арасындағы сұранысқа ие диалог алаңына айналды.

Ұлттық комиссия сарапшыларының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленіп, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді», — деп атап өтті Аида Балаева.

Оның айтуынша, 2023 жылы проблемаларды жан-жақты талдау, өңірлік ерекшеліктерді бағалау және өзекті мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін Ұлттық комиссияның сараптамалық топтарының өңірлерге бару тәжірибесі енгізілді.

Мониторинг және сараптамалық талдау қорытындысы бойынша жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер мен жазғы лагерьлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, келеңсіздіктерге тосқауыл қою, сондай-ақ балалар арасындағы буллинг пен суицидті алдын алу бойынша бірқатар бастамалар әзірленді.

Зорлық-зомбылық құрбандарына тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсету үшін «One Stop Service» жобасы іске қосылды. Жоба аясында әйелдер мен балаларға қатысты 36 қылмыстық іс бойынша қолдау көрсетілді. Резонанс тудырған 11 іс ерекше бақылауға алынды.

Әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі істермен айналысатын адвокаттар мен заңгерлерге арналған арнайы әдістеме әзірленді. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайларына жедел әрекет ету алгоритмі дайындалып, мемлекеттік органдардың тәжірибесіне енгізілді. 

Әлеуметтік маңызы бар 7 жоба, оның ішінде «Самұрық-Қазына»АҚ-мен бірлесіп 3 қайырымдылық жобасы іске асырылды.

Олардың қатарында Astana hab – пен бірлескен It-Aiel бағдарламасы бар. Бағдарлама  2 мың жұмыссыз әйелге табыс көзін арттыруға және  фрилансерлік платформаларда ақша табуды табуды  үйрену арқылы қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. «Томирис» ұзақ мерзімді білім беру жобасы қалалар мен ауылдық жерлердегі табысқа жеткен қыздар мен әйелдерді қолдауға бағытталған.

Тағы бір сәтті жоба — шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсету және тексеру үшін іске қосылған «Саламатты Қазақстан» пойызы.

Отбасы, гендерлік саясат және демография мәселелері бойынша 12 зерттеу ұйымын біріктіретін ұлттық консорциум құрылды.

Өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары, отбасын қолдау орталықтары және зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары ашылды. Анықтама үшін  «сенім телефоны» жұмыс істейді.

Отбасы және гендерлік саясат саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі міндеттерге ерекше назар аударылады.

Комиссия Қазақстанды халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде одан әрі ілгерілету жөніндегі міндеттерді орындады.

Ұлттық комиссия базасында шоғырландырылған мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның жалпы қорытындылары беделді халықаралық алаңдарда талқылауға ұсынылды.

Жалпы, Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарды ескере отырып, ұлттық комиссия отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Сөз соңында Аида Балаева Ұлттық комиссия жұмысының алдағы күн тәртібін белгіледі.

Министр биылға арналған бірқатар негізгі басымдықтар құқықтық мәдениетті және заң бұзушыларға қарсы көзқарасты қалыптастыру, түрлі мақсатты топтармен қоғамдық талқылауды дамыту, адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі міндеттерді атады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
ТЕГи: Аида Балаева, Қазақстан
Сайт Әкімшілігі 24.01.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?