Фото: ашық дереккөзден
Келесі жылы елімізде “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы іске қосылады. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке есеп-шот ашылып, бұған жыл сайын дивиденд түсіп отырады. Шот операторы ретінде “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” таңдалған.
Экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша Ұлттық қордан балалардың шотына ақша аудару механизмі дайын, өз кезегінде Қаржы министрлігі оның ережелерін әзірлеу үстінде.
Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға жылдық қорытынды бойынша тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайыз әр балаға үлестіріледі. Жалпы 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады.
Тек бір жылдың кірісін ғана қарамаймыз. Біз 18 жылдағы орташа кірісті аламыз. Себебі, 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек,
деді ол.
Алайда бала 18-ге толған соң азаматтығын ауыстырса, ол бұл ақшаны ала алмайды.
Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі. Ұлттық қордағы шотынан ақша алғанда оған салық салынбайды,
деді Әлібек Қуантыров.
Қуантыров мұның алдында “бала 18 жасқа толғанша шотындағы ақша құнсызданып кетпей ме?” деген сауалға жауап берген.
Қаражат құнсызданбайды, себебі ол доллармен аударылады. Ұлттық қордағы қаражат 100% доллармен сақталады. Өйткені, қордың бүкіл активтері шетелде, яғни шетелге инвестицияланған. Ол да бізге ыңғайлы. Сол үшін солай шоттарға жберілетін болады,
деп түсіндірген еді министр.
Бұған дейін Президент Тоқаев Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың шотына аударатынын мәлімдеген. Жинақ шотындағы ақшаны олар кәмелетке, яғни 18-ге толғанда ғана ала алады. Олар жинақталған соманы тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсай алады.
Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын,
деген болатын Президент.
Бұл ретте Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай да Facebook-те арнайы жазба қалдырған.
Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады,
делінген оның жазбасында.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…