Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы жыл сайын балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.
Бала 18 жасқа толғаннан кейін жинақты екі мақсатқа – баспана сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсай алады.
Бұл ақшаны мерзімінен бұрын алуға болмайды. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.
Бағдарламаға қатысу үшін балаларға есепшот ашу талап етілмейді.
Ата-аналар балаларының құжаттарын тасып, мемлекеттік органдардың табалдырығын да тоздырмайды. Себебі арнайы шот автоматты түрде ашылады.
Бар болғаны электронды үкімет порталында балаларының ЖСН деректерінің бар болуына көз жеткізіп, оның дұрыс-бұрыстығын тексерген абзал.