Categories: Саясат

Ұлттық құрылтай – мемлекет сапасын арттыру құралы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі таратылғаннан кейін құрылған Құрылтай бір алаңға бәрін «ұлтшылдар» мен «бос сөйлейтіндер» бір-ақ жинады.

16 маусымда Ұлттық құрылтай мүшелері алғаш рет жиналғаннан кейін, халықты мазалайтын сұрақтардың бірі: мақсаты не, не үшін, не күтуге болады?

Алдымен «сәйкестік» ұғымынан бастайық. Бір жағынан, ол ұлттық фактордан анықталуы керек десе, басқа жағынан, Конституция да мұны жалпы азаматтық бірегейліктен жариялайды. Тұжырымдамалар ұқсас болғанымен, толығымен сәйкес келмейді.

Қайта бастау-2022

Мен Президент Тоқаевтың стилі мен стратегиясы 90-жылдардың рухын қайта жандандыруға бағытталғанын айтқан едім.  

Жақында Президенттің шешімі бойынша министрлер мен әкімдер халыққа жақынырақ болу үшін пафостық монологтан тірі диалог форматына көшті. Әрине, бұл қоғамға өз проблемалары мен ұсыныстарын тікелей жоғарыдағыларға жеткізуге мүмкіндік ашады, ал шенеуніктер үшін тікелей халықпен байланыста болу жолы.

Екіншіден, мемлекет қоғаммен байланыста болудың көптеген түрлері бар. Бір кездері Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ұлтшылдар мен интернационалистердің, консерваторлар мен либералдардың сан-алуан пікірлерін ұсынып жүрді. Яғни, оның құрамында барлығы болды – «ұлтшылдар» мен «бос сөйлейтіндер».

Президент жанындағы осындай консультативтік органның міндеттері қаңтардағы өзгерістерден кейін кеңейетіні түсінікті. Енді бұл қоғамдық бірлестікті де қайта құру қажеттілігі туындап отыр

Ұлттық құрылтайдың құрамына бұрынғы қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамшылдар, сарапшылар, ҚХА, сондай-ақ барлық өңірлердің қоғамдық кеңестерінің өкілдері кірді. Оның едәуір бөлігін ұлттық шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері құрайды.

Бір күн бойы бірге болған құрылтай мүшелеріне  жеке байланыстарын орнатуға, жаңа идеяларды талқылап, бір-бірінің  пікірлері мен ұстанымдарын талқылауға керемет мүмкіндік туды. Көпшілігі сақтық танытқанымен, аталмыш отырыстар қызықты диалог алаңына айналды.

Ұлттық құрылтайдың Президент үшін маңыздылығы

Президент үшін Ұлттық кеңес те, Ұлттық құрылтай да өте маңызды. Бұл жүйеден тыс адамдармен тікелей қарым-қатынас құралы. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осындай екіжақты кездесулерді іс жүзінде жақсы қолданған, өйткені жалпы кездесулер кезінде талқыланатын ұсыныстардың көпшілігі біздің елде ұлттық және тілдік мәселелер, әлеуметтік саясат және экономикалық стратегия бойынша өзара қарама-қайшы. Яғни, іс жүзінде бір пікірлес адамдар кездеспейді. Тоқаев оқыған және білімді зияткер. Ұлттық кеңес және құрылтаймен жұмыс істей отырып, ол бүкіл мемлекет үшін формат қалыптастырады.

Қазір әкімдер мен министрлердің халықпен есептік кездесулері бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Омбудсмен институты дамуда. Мәслихаттардың, өңірлердің қоғамдық кеңестерінің жұмысын жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқаруды қайта жаңғырту жөнінде ұсыныстар бар. Күзде парламенттің жаңа сессиясында осы мәселелер қаралады.

Сондықтан қарым-қатынастың жоғары деңгейі билік пен қоғам арасындағы өзара сенім деңгейін анықтауы керек. Бұл мемлекет құрудағы  басты іргетас.

Біз барлығын басынан бастауымызға тура келеді. Себебі экономикалық теңсіздік пен іске аспаған өзгерістерге байланысты қарапайым халық арманға айналған несиелік рақымшылық, зейнетке шығу жасын төмендету, АӘК пен басқа да әлеуметтік-патерналистік идеясымен өмір сүріп келеді.

Болашаққа жетелеу қадамдары

Бюджет жеткілікті. Президентті толғандыратыны басқа. Мұндай сұраныстарды қанағаттандыру — ұлттық идеяның аналогына айналған әлеуметтік тәуелділікке тікелей жол. Ал халық үшін бұл бюджетті тиімсіз қолдану болып көрінеді:  мемлекеттік қызметте өркендеген непотизм және әділдіктің болмауы. Ал ең бастысы — қарапайым адамдар мен жекелеген топтардың өкілдері үшін бірдей заңды қолдану.

Мемлекет мұның бәрін жоймайынша, халықтан «протестанттық этика» немесе конфуцийшілдікті талап ету әділетсіз болар еді

Қазақстан жағдайында монополизм мен қолжетімсіз касталарды жою үшін қоғамдық және мемлекеттік институттарды қайта құруды іске асыру өте қиын.

Сондықтан, Ұлттық құрылтай алдында, менің ойымша, ең жақын уақытта үш маңызды міндет тұр:

Тілдік ортаны қалыптастырудың барабар моделін әзірлеу.

Қазақ тілінің рөлі кеңейіп келеді, бірақ негізінен ауызекі сөйлеу тұрғысынан, ал жазбаша контент жоқтың қасы. Яғни, көркем, ғылыми және мамандандырылған әдебиеттер  мүлдем жоқ.  Аталған контентті дамытпай, тілдің дамуы болмайды. Осы себептен де тиісті ақпараттық және өркениеттік негізге бай ағылшын және орыс тілдеріне артықшылық беріліп отыр.

Саясиландыру мәселесі барлық саланы жаңғыртусыз түкке тұрмайды. Осыдан ауқымды проблемалар туындайды. Біздің филологтар латын әліпбиін құрастыра алмай отыр. Бұл кем дегенде біреу үшін қолайлы болар еді. Мен жаңа терминдерді құрастырушыларға келісімді ақының орнына уақытылы төлеу жүйесін енгізу туралы бірнеше рет айттым. Сол кезде олар еш мағынасы жоқ сөздерді жазудан аулақ болады.

Тарих және бірегейлік мәселелерін айқындау.

Мен үшін бір мағыналы тақырып, өйткені ұлттық және азаматтық тарих пен сәйкестік арасындағы қайшылықтар әрқашан болатыны түсінікті. Бұл әлемнің барлық дерлік елдерінің проблемасы. Біздің тарихта ата-бабаларымыздың рөлі шамадан тыскөтеріліп, «отарлық синдромға» негізделген. Менің ойымша мәселе осында. Нәтижесінде өткенге деген көзқарастың тым радикалды болуына және ойлардың әр түрлі бөлінуне алып келеді.   Бірақ өзіңді мықты деп немесе тым төмен түсіру арқылы болашаққа жылжи алмайсың.

Алтын Орда мен Түркі қағанаты, жаппай ашаршылық және «геноцид» туралы сансыз рет айтуға болады.  Бірақ бұл тақырыптармен мамандар айналысу керек екенін естен шығармаған жөн. Ал тарих болашақта мемлекет құрылатын негіз болуға тиіс.

Шартты түрде, елге аса қажет құндылықтар бар. Мысалы, білімге табыну, технологиялық жаңғырту, елге адал қызмет ету. Бірақ оларды соңғы онжылдықтарда дами бастаған халықтық тарих қолдамайды.

Елдің экономикалық стратегиясын талқылау.

Қазақстанның мемлекеттік басқармалары тиімсіздіктен зардап жегуде. Мемлекеттік бағдарламалар орындалмайды, квазимемлекеттік сектор миллиардтаған қаражатты қайда жұмсайтыны белгісіз. Бағдарламалардың ғана емес, жалпы бюджеттің қандай нәтижеге көзделгені түсініксіз.

Сондықтан стратегия туралы айту да өте қиын. Жоспарлар, жобалар, тұжырымдамалар, доктриналар мен заңдардың өзі үнемі өзгеріп отырады. Елдің болашақа бағдары да жоспары да жоқ.

Идеялар тапшылығы — тұрақты мәселе. Егер мемлекет тиісті қоғамдық бақылауда болса ғана, қазіргі жұмыс сапасы мен нәтижеге қол жеткізу туралы айта аламыз. Әзірге, кем дегенде, өз жоспарларын жан-жақты іске асырса болғаны.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago