Categories: Қоғам

Рулардан ұлттарға дейін: қазақстандықтардың жоғалған буыны

Жоғалған буын — ол жастар емес, 35 жастан асқан адамдар. Ал жастар өзін көбіне наным-сеніммен және тұрғылықты жерімен сәйкестендіреді.

Қазақстандықтар өзін қалай сәйкестендіретіні туралы мәселе БАҚ-та жиі көтеріліп отырады, бірақ әзірге әлеуметтанушылар алынған бытыраңқы тұжырымдарды бірыңғай тұжырымдамаға айналдыра алмай жүр. Себебі уақыт өте келе респонденттердің жауаптары өзгеріп отырады.

Гүлмира Илеуова, әлеуметтанушы және «Стратегия» орталығының жетекшісі 2009 жылдан бері төрт-бес жылда бір рет олардың орталығы 1 600 респондентке өздерін қай топқа жататынын сұрап, зерттеу жүргізіп отыратынын айтты. Оның айтуынша,

әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша қазіргі заманғы қазақстандықтың белгілі бір бейнесін жасау қиын

«Портреттік» сипаттамаларға әртүрлі факторлар әсер етеді – тұрғылықты жері, этникалық ерекшелігі, жас ерекшелігі. Аз дәрежеде — діні, табыс деңгейі, кәсібі және т.б.

Өз елінің азаматы

2022 жылы алынған деректерге сәйкес қазақстандықтар көбінесе өздерін өз қаласының немесе ауылының тұрғыны (51%), ел азаматы (50%), өз буынының өкілі, өз жасының өкілі (45%) және өз ұлтының, этносының өкіліне (42%) жатқызады. Бұл ретте өзін-өзі сәйкестендіру тұрғысынан «табысы ұқсас адамдар» (20%), «мамандығымыз, кәсібіміз ұқсас адамдар» (18%), «діні ұқсас адамдар» (17%) сияқты топтарға «ешқашан» нұсқасын әр бесінші адам таңдады.

Сәйкестендіру мәселесін қарастыру кезінде жас айырмашылық назар аудартады: оның әсері сәйкестендірудің екі негізгі бағытында байқалады.

Жасы ұлғайған сайын өзін тұрғылықты жерімен, өз қаласымен/ауылымен байланыстыратындардың үлесі артады (18-24 жас аралығындағы 50%-дан 65 жастан асқан топтағы 59%-ға дейін)

Өзін Қазақстан азаматымын деп сәйкестендіретіндермен де осыған ұқсас жағдай: 65 жастан асқан топта көрсеткіш 56%-ға артады.

Жоғалған буын

Алайда, жалпы көріністен 35-44 жас аралығындағы (1978-1987 жылдар аралығында туған) топ ерекшеленеді.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, бұл адамдарға барлық талданып жатқан топтармен сәйкестіліктің ең төменгі көрсеткіштері тән. Олар басқаларға қарағанда өздерін наным-сенім (32%), облыс аумағы (28%) немесе елді мекен (45%) аумағында тұру қағидаты бойынша байланыстырмайды.

Жалпы, осы топта сәйкестендіру бағыттарының ешқайсысы бойынша 50% және одан жоғары көрсеткіш алынған жоқ.

— «Жоғалған буын» деп, міне, осыларды айтса болады.

Сонымен бірге, бізді ең көп алаңдататын жастар сәйкестендіру бойынша жалпы қазақстандық бейнеге сәйкес келеді

Олардың өз наным-сеніміндегі адамдармен (42%) және өз облысындағы тұрғындармен (40%) сәйкестендіру бойынша ел бойынша орташа көрсеткішке ие. Бұл ерекше назар аударуды қажет ететін аспектілер, — деп атап өтті Илеуова.

Ауылда патриоттар көп

Оның айтуынша, егер алынған жауаптарды сауалнамаға қатысушылардың тұрғылықты жері тұрғысынан талдайтын болсақ,

ауыл тұрғындары өзін көбінесе тұрғылықты жерімен (ауыл мен облыс) сәйкестендіреді, қалалықтар өздерін бір буын өкілі, ұқсас мамандық және табыстылық деңгейі бойынша бағалайды

Қала тұрғындары да, ауыл тұрғындары да өздерін наным-сенім, ұлт және Қазақстан азаматтары бойынша бейнелейді.

Білім VS ұлттық бірегейлік

Сондай-ақ, әлеуметтанушының айтуынша, сауалнамаға қатысушылардың жауаптарына білім факторы әсер етеді.

Толық емес орта білімі бар респонденттерде, тұрғылықты жері мен азаматтығы бойынша ең көп кездесетін ұқсастықтардан басқа, өз ұлтының өкіліне жатқызу көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары (51%, 3-орын)

Жоғары білімі бар респонденттерде өздерін өз буынының/жасының адамдарына жатқызу қағидаты бойынша сәйкестігі (50%) үшінші орында, басқа көрсеткіштер елдік деңгейде.

Жергілікті бірегейлік

Жалпы зерттеудің барлық кезеңіндегі (2009-2022 жылдар) деректерді салыстыру кезінде сауалнамаға қатысушылар көбінесе өздерін Қазақстан азаматы, өз қаласының/ауылының тұрғыны, өз буынының/жасының адамы және өз этникалық тобының өкілі ретінде сәйкестендіретінін байқауға болады.

— Салыстырмалы деректер негізінде анықталған тағы бір зерттеу назар аудартады.

2009 жылы жүргізілген зерттеуде жалпы азаматтық бірегейлік 67% көрсеткішімен бірінші болды, бірақ кейінгі зерттеулерде ол екінші орынға түсті. Оны респонденттердің белгілі бір қалада немесе ауылда тұруы негізінде

жергілікті сәйкестендіру ығыстырды. 2014, 2017 және 2022 жылдардағы үш өлшем сәйкестендірудің осы бағытының басымдығын растады», — дейді «Стратегия» орталығының басшысы.

Сонымен қатар, әлеуметтанушының пікірінше, уақыт өте келе қазақстандықтар ешқашан пайдаланбайтын сәйкестендіру бағыттары бекіген. Бұл өзін бір наным-сенімнің, кәсіптің/мамандықтың және белгілі бір табысы бар адамдар қатарына жатқызу.

Соңғысы нарықтық экономикаға көшкеніне қарамастан, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-таптық құрылым қалыптаспағанын көрсетуі мүмкін. Яғни, біз бұрынғысынша экономикалық негіздер бойынша халықтың бытыраңқы және бір-бірімен әлсіз байланысты топтарымен іс жүргізудеміз,

деп атап өтті Илеуова.

Наным-сенім немесе ру?

Оның айтуынша, Қазақстандағы сәйкестендіру процестері әлі де даму сатысында, басым бағыт жоқ. Алайда, өзін бір облыстың тұрғынына және бір сенім өкіліне жатқызу көрсеткішінің төмендеуіне тұрақты тренд байқалады (18-24 жас аралығындағы жастарды қоспағанда). Өзін этникалық топпен сәйкестендіру, әлі күнге дейін ықпалды (2022 жылы 4-ші орын) болғанымен, уақыт өте келе тартымдылығын жоғалтып жатыр.

Өзін белгілі бір румен сәйкестендіруге келетін болсақ, жылдар өте келе ол азайып келеді: 2022 жылы халықтың бестен бір бөлігі ешқашан өзінің белгілі бір рулық құрылымға жататынын сезінбеген, ал респонденттердің тек үштен бірі ғана рулық сәйкестендіруге жүгінді

Бұл сәйкестендіруді ұстанатындардың көбі жасы үлкен (55 жастан бастап) адамдар, мұнда мұндай сәйкестендіру үшін 40% және одан жоғары. Жастар жүз немесе руына аз көңіл бөледі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago