Осы жылдың 2 сәуірінен бастап букмекерлік кеңселер мен тотализаторларда қазақстандықтардың тіккен ұтыстары есепке алынатын болды. Яғни, онлайн немесе касса арқылы тігілген ставканың барлығы, аз немесе көптігіне қарамастан арнайы органдардың бақылауында болады. Бұдан бөлек, лудоман туралы ақпарат та енді құпия емес.
бәс тігушілер үшін – толық аты-жөні, ЖСН, ұтыс тігудің қабылданған күні мен сомасы, ұтыс сомасы мен күні, ұтыс сомасы мен төленген күні, ұтыстардың ақшалай баламасы;
ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін – заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды мекенжайы, салық салу объектісінің түрі, касса түрі (жер / электронды), ставканы қабылдаған кассаның орналасқан жері.
Жиналған ақпарат салық органдары және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберіліп отырады.