Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Лудомания. Елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынының құлы
Қоғам

Лудомания. Елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынының құлы

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 08.09.2023
Обновлено 08.09.2023 в 10:09
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Лудоманияға шалдыққандар көбейіп барады. Өткен жылдың осы кезеңінде Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына 80-нен аса қоңырау түскен. Ал биыл 150-ге жуық адам көмек сұрап хабарласқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Сондықтан, құмар ойындардың жарнамасын жүгендеу керек. Олай болмаған жағдайда лудомандардың қатары тіптен артып кетеді. Орталық мамандарының пікірі осындай.

Дәрігерлердің айтуынша, лудоманияға шалдыққан адамның ең бірінші мінез-құлқы өзгереді. Қарапайым сөзбен айтсақ, үнемі сіркесі су көтермей тұрады. Ашуланшақ болып кетеді. Түн ұйқысы бұзылады. Оған қоса, асқа зауқы болмайды. Ешкіммен сөйлеспейді. Осы белгілер байқалған кезде маманға қаралу керек. Жақындары қолұшын созуы тиіс. Әйтпесе оның соңы қиын жағдайға әкеледі, деп дабыл қағып отыр дәрігерлер.

Мұны лудоманияға шалдыққан жігіт ағасы да растайды. Ол аты-жөнін айтпауымызды өтінді. Жасы 50-ге жуықтап қалған. Құмар ойынды 5 жыл бойы ойнаған. Өздігінен қоя алмаған соң Павлодардағы психикалық денсаулық орталығының оңалту орталығына келген. 5 ай болды осында. Тағы 2 ай жатады. Ойынның кесірінен жұмысынан шығып қалған. Туған-туыс, дос-жарандарымен араз. Енді мүлдем қоямын,-деп отыр.

Ол кеңесшілер курсын оқып, өзі сияқты құмар ойынға кіріп кеткен адамдарға көмектескісі келеді.

Өзіміздің патологиямыз, қиындық іздеп сан мың жерден кетіп қалғымыз келеді. Соны ойлап неше түрлі ой келеді. Сондықтан маманмен сөйлесу керек. Олар ішкі дүниеңдегі нәрселерді сыртқа алып шығып, жұмыс істейді. Сонда ойлайсың шығып кетсең ойынға барар едім деп. Осы жерге келіп санаған кезде 80 млн теңге ұтылыппын.

лудоман.

Лудоманияның жас талғамайтынын Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев те растап отыр.

Көмек сұрап келгендердің қатарында жасөспірімнен бастап, зейнеткерге дейін бар. Құмар ойынға тәуелділіктен арыла алмай жүрген жандарға дер кезінде көмек көрсетпесе, өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін,

дейді ол.

Соңғы кезде мұндағы сенім телефонына хабарласатындар көбейген. Психотерапевт лудоманияның да бірнеше кезеңі болатындығын айтады. Бас кезінде ойыншы өзін қадағалап жүргендей болады. Бірақ уақыт өте құмар ойынсыз тұра алмайтын халге жетіп, оның жетегінде кеткенін білмей қалады,

Ойынды жиі ойнаған сайын өзін басқаруды, ақшасын қалай жұмсау қажеттігін қолдан шығарып алғанын ұқпай қалады. Кейін оны үрей билей бастайды. Ол барлық эмоцияны ойыннан алғысы келеді. Сөйтіп, жұмысында, отабасында түйіткілдер пайда болады. Қарызға батады. Ең соңғы сатыда өз-өзіне есеп бере алмайды. Ойынның кесірінен бәрі кері кетеді. Әрине, бұл тұңғиықтан шығу үшін маманның көмегі қажет.

Соңғы зерттеулерге сәйкес, елімізде әрбір бесінші жас лудоман, құмар ойынның құрығына ілінген. Осы жылдың 4 айында букмекерлік компаниялардың айналымына 100 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Бұл жәйтті бұдан әрі ушықтырмай реттеген жөн. Қазір Парламент Мәжілісінің депутаттары лудоманияға қатысты заң жобасын әзірлеп жатыр.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 08.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?