Categories: Саясат

Лукашенко хәл үстінде: Оны Мәскеуде улаған ба?

Беларусь президенті Александр Лукашенконың денсаулығы сыр берді. Беларусь журналистері Лукашенконың кортежі 2 сағат ауруханада болғанын жазып жатыр.

Сарапшылар Лукашенконы Мәскеуде улап жіберген болуы мүмкін деген нұсқаны айтады, деп жазады Mezgil.kz.

Беларусь басшысының кортежі БР ДСМ-ға тиесілі «Республикалық медициналық клиника» аумағынада болған.

Ол сондай-ақ, жыл сайын өзі жеке барып қатысатын «Беларусьтің Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран күніне» арналған жиынға келмеген. Лукашенко атынан құттықтау сөз Президенттің сайтында жарияланған, мерекелік рәсімде оны премьер-министр Роман Головченко оқып берді.

Лукашенко соңғы рет 9 мамыр Жеңіс күніне арналған Мәскеудегі әскери парадқа қатысып, ел алдына шықты. Оның өң-түсі қашып, шаршаңқы көрінген. Қызыл алаңда 300 метр жолды өз аяғымен жүре алмай, электр көлігін пайдаланды. Журналистер оның қолынан ине салғаннан соң қойылатын таңғышты байқаған.

Ол ТМД басшыларымен бірге қонақ асына қатыспай, Минскке ұшып кеткен болатын. Думаның ТМД істері жөніндегі комитеті басшысының бірінші орынбасары Константин Затулин «Лифт» басылымына Лукашенконың ауырып жатқанын растаған, бірақ, нендей сырқат екенін айтпады.

Таңғалатын ештеңе жоқ. Ковид инфекциясы емес. Жай ғана ауырып қалды. Жағдайы болмай тұрса да, ол Мәскеуге келді, сол күні кешке Минскіде салтанатты жиын өткізді. Оған сәл тынығу керек сияқты,

деді Затулин.

Сарапшылар Лукашенконы Мәскеуде улап жіберген болуы мүмкін деген нұсқаны айтады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago