Ұлыбритания королінің миллиардтары және АҚШ логистикасының сал ауруы. 13 қыркүйек

Әлемдік БАҚ не туралы жазып жатыр.

Дағдарыс қаупі артып келеді

The Wall Street Journal қор нарығы қалпына келіп жатқанын жазды. Бірақ ол оң импульсті сақтап қала ала ма, жоқ па, бұл келесі айдың есебіне байланысты.

Сонымен қатар, сарапшылар үшінші тоқсанда компаниялар кірісінің өсуі төмендегенін айтады. Қарқынның орташа төмендеуі 5,5% деңгейінде болжануда. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанындағы ең жағымсыз болжам, Covid-19 пандемиясы және одан кейінгі шектеулер экономикалық белсенділіктің тоқтап қалуына әкелді.

Байден темір жолдан шалынуы мүмкін

Ақ үйдің өкіліне сілтеме жасай отырып, Вloomberg президент әкімшілігінде аздап дүрбелең болғанын айтады. Джо Байден 200 мыңға жуық жұмысшылардың ереуілін болдырмау үшін жүк теміржол компаниялары мен кәсіподақтармен жеке байланысқа шықты.

Байден әкімшілігі кәсіподақтар мен көлік операторларына жұмысшылармен бүкіл елде жаппай ереуіл белгіленген мерзімге дейін жаңа келісім-шарт жасасу үшін қысым жасап жатыр. Яғни алдағы жұмаға дейін. Ереуіл тек логистикалық жеткізілім тізбегін бұзып қана қоймайды, бұл экономикаға қатты әсер етеді, сонымен қатар аралық сайлауда демократтардың орта мерзімді перспективаларына нұқсан келтіруі мүмкін.

Израиль Ираннан келетін қауіп туралы ескертеді

The Guardian хабарлағандай, ядролық бағдарлама бойынша Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің бұзылуына байланысты шиеленістер күрт үдей түсті. МАГАТЭ отырысында Израильдің Қорғаныс министрі Бени Ганц Иран бірнеше апта ішінде үш ядролық оқтұмсық жасау үшін жеткілікті байытылған уран өндіре алады деп мәлімдеді.

Ганц сонымен қатар Сириядағы Иран мен оның қуыршақтарын қаруландыру үшін қолданылған он нысан туралы егжей-тегжейлі карта көрсетті. Ол нысандар Израильдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін айтты.

Иран өз кезегінде Израильдің ірі қалаларына әсер етуі мүмкін көрінбейтін дрон жасады деп мәлімдеді.

Сонымен бірге, БҰҰ ядролық инспекциясының басшысы Рафаэль Гросси ұйымның Иранның ядролық қызметі туралы жоғалтқан білімін қалпына келтіру өте қиын болатынын атап өтті, өйткені оның инспекторлары Иранның негізгі нысандарына жіберілмеді.

Демократия автократияға қарсы

Fox news Вашингтонның Қытайға қарсы жаңа бастамаларын сипаттай отырып, АҚШ президентіне сілтеме жасайды. Байден Америка мен Қытай арасындағы қарама-қайшылық әлемнің демократияға немесе автократияға бет бұратынын анықтайды деп мәлімдеді.

Бұл Nvidia Corp және Micro Devices сияқты компьютерлік чиптер алыптары үшін қосымша лицензияларды талап ететін сауда министрлігінің жаңа ережелері және оларды Қытайға жеткізу туралы. Байден әкімшілігі ережелерге енгізілген өзгерістер туралы тиісті компанияларды хабардар ететін хаттарды дайындау үстінде.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, соңғы хаттарда Қытайға қарсы қосымша әрекеттер болуы мүмкін. Сауда министрлігі ресми реттеу процесін айналып өту үшін осындай хаттарға жүгінеді, бірақ мұндай жағдайларда өзгерістер тек министрлік тікелей байланыстыратын компанияларға қатысты болады.

Патшаның миллиардтары

New York Times мақаланы Ұлыбританияның жаңа монархының іскерлік тамырын талдауға арнады. Патша салық салынбайтын үлкен байлықты мұра етті, бірақ оның әл-ауқатының негізі — өз империясы.

Ханзада кезінде Чарльз жылдық миллиард долларлық айналымы бар бизнес құру үшін салық жеңілдіктерін, оффшорлық шоттарды және жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды пайдаланған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago