Ұлыбритания шекарасындағы былық және электрмобильдер нарығындағы құлдырау. 26 желтоқсан

Экология қымбат

The Wall Street Journal электрмобильдер нарығын қиын кезеңдер күтіп тұруы мүмкін деп жазады. Еуропадағы электр энергиясының жоғары бағасы электрмобиль тұтынушыларының ынтасын өлтірді.

Мысалы, Германияда ішкі жану қозғалтқышы бар көлікпен 100 миль жүру құны электромобильге қарағанда шамамен 15%-ға арзандады. Экологиялық таза жеке көліктің сатылымы төмендеп жатыр, ал шағын көлемді пайдаланылған бензин автомобильдердің сатылымы өсіп жатқаны байқалды.

Қылышын сүйреп қыс келді…

Fox news электрмобиль нарығын күйретуі мүмкін тағы бір маңызды мәселе туралы жазды.

Америка Құрама Штаттарының көп бөлігін қамтыған қатты аяз электр көліктерінің иелеріне оларды зарядтауға мүмкіндік бермеді. Вирджиния радио жүргізушісі Доменик Нати айтқандай, ол барлық Рождестволық жоспарынан бас тартуға мәжбүр болды.

Мен Тесламды жанармай құю станциясындағы зарядтағышқа қостым, сол кезде заряд 40% көрсетіп тұрған. Екі сағат өткеннен кейін көрсеткіш аз өзгерді. Сыртта минус 19 болды, температура төмендей бастады және бір сәтте аккумулятор мүлдем зарядталмай қалды. Үш сағаттан кейін құрылғы оның тек 49%-ға зарядталғанын көрсетті.

Нати кейінірек ол көлікті үйде зарядтауға тырысқанын айтты, бірақ ол жерде де жұмыс істемеді. Оның жанайқайын көптеген электромобиль иелері бөлісті. 500-ден астам адам осындай мәселеге тап болғанын айтты.

… газбен де жағдай қиын

Вloomberg сонымен қатар АҚШ-тағы аяз туралы жазды, бұл газ өндірудің күрт төмендеуіне әкеледі.

25 желтоқсанда АҚШ-тың табиғи газ өндірісі соңғы онжылдықтағы ең үлкен бір күндік құлдырауды бастан өткерді, өйткені Солтүстік Американың көп бөлігінде қатты қысқы дауыл құбырлардағы сұйықтықтарды қатырып, ұңғымаларды жабуға мәжбүр етті.

BloombergNEF мәліметтері бойынша, 48 штаттағы жеткізілім алдыңғы күнмен салыстырғанда шамамен 10 миллиард текше футқа немесе шамамен 10%-ға төмендеді, өйткені негізгі өндірістік аудандардағы, соның ішінде Техастағы негізгі жеткізуші температура аяздан төмен түсті.

Ашық шекара

The Guardian Ұлыбританияның шекара бекеттерінде пайда болған қиындықтар туралы хабарлайды. Қазір шекара әскерлері қызметкерлерінің ереуілі жүріп жатыр. Үкімет олардың жалақысын көтеруден бас тартқан. Шекарашылар бес күндік дайындықтан өткен әскери қызметкерлермен уақытша ауыстырылды және шенеуніктер бәрі бақылауда екенін айтты, өйткені шекарада үрейге қарамастан кезек жоқ.

Алайда, басылымның хабарлауынша шекарадан қазір кім көрінген өтіп жатыр. Қолдарында өту құжаттары болса болды, қылмыс жасады деген күдіктілер, соның ішінде жалған төлқұжаттары барлар, есірткі саудасына қатысы барлар және т.б. күдікті адамдар шекара бақылауынан еркін өтуде. Әскерилер оларды анықтай алмайды.

Шекара әскерлерінің офицерлері әдетте қоғаммен қарым-қатынас жасамас бұрын кем дегенде үш апталық дайындықтан өтеді. Үш аптадан кейін оларға тәлімгер беріледі, онымен бірге жұмысқа қабылданушы кем дегенде бір ай бірге жұмыс істейді.

Оқыту мен тәжірибе барысында олар жолаушыларды қалай өңдеу және сұрау, қазіргі құлдықтың құрбандарын анықтау, жалған құжаттарды табу, елге заңсыз әкелінген немесе әкетіп жатқан балаларды анықтау және т. б. үйренеді.

Үкімет паспорттық бақылауда кезектердің жоқтығымен мақтанады. Әрине, ешкімді тексермесе ешқандай кезек те болмайды. Ереуілдер басталғанға дейін біз бес күндік дайындықтан өткен әскери қызметшілер тәжірибелі, кәсіби шекара офицерлерінің жұмысын орындай алмайтынын ескерттік

деді Шекаралық бақылау қызметінің бас хатшысы Марк Сервотка.

Полицияға барар едім…

New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ полициясы кадрлық жетіспеушілікті сезіне бастады.

Елдегі полиция департаменттері пандемиядан, полицияға саяси шабуылдардан және 2020 жылғы тәртіпсіздіктерден кейін полиция офицері болғысы келетіндердің саны күрт төмендегенін хабарлайды.

Кадрлардың қауіпті тапшылығы менеджменттерді жалақысы жоғары, әлеуметтік төлемдер тізімін кеңейтетін және сыйлықақыларды көбейтетін жалдамалы жұмыстарға итермелейді, бұл сыйлықақыларға қатысы жоқ көне қызметкерлердің қатарында наразылық тудырады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 день ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

2 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

5 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

5 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

5 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

5 дней ago